Қазақбай мен Нұрпейіс

Қазақбай мен Нұрпейіс. Бұл айтыс Нұрпейістің 22 жасында, яғни 1882 жылдары өткен. ОҒК қолжазба қорында 120-бумада, айтыстың машинкаға басылған екі нұсқасы сақталған. Айтысты 1941 ж. Нұрпейіс Байғаниннен хатшысы Ахмет Ескендіров жазып алған. Алғашқы нұсқаның көлемі – 587 жол, екіншісінің көлемі 2000-ға жуық. Екі нұсқа да кейінгі буын адамдар тарапынан өңделген. Сондықтан айтыстың алғашқы нұсқасы ұсынылды.
Н.Байғаниннің 1991 ж. шыққан жинағында айтыстың көп жері қысқарып қалған.
Толық нұсқасы Алматыдағы мұрағатта сақтаулы.
Антологияға «Нұрпейіс Байғанин. Естеліктер. Таңдамалы шығармалары» атты жинақтан (296 – 306-б.) алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *