ҚАЗАҚБАЙ МЕН НҰРПЕЙІС

ҚАЗАҚБАЙ МЕН НҰРПЕЙІС
Қазақбай:
Қанатым талмас қаршыға – Жайнап дәурен сүргенім.
Шеңгелім қайтпас шын болат
Шын күйіме түскенде,
Қиядан көзім шалған-ды Не болса да, ілгенмін. Жасым жеткен арыстан, Дүбірден әлі қалыспан.
Екіталай жер болса, Таптап жерге жанышқам. Әркімдер әуес сыртымнан Қазақбай деген дабыстан. Жүйріктің жайы көрінер Алқалы дуда шабыстан. Тауым қайтып көрген жоқ Жақын менен алыстан.
Алқалы топта айтыссам,
Бергенім жоқ намыстан
Қамал бұзған қайратты
Қызыл тілім ерікті. Тарлан тартқан Қазақбай Қиялап шауып, желікті. Жырдан дауыл тұрғызам, Көмейден басып көрікті. Шын желденіп желгенде Өзгеге бермен ерікті. Жас жыршыны көрген соң Желігер жерім келіпті. Қиядан жарды ұрармын, Екпініме шыдар кім?
Егескенде егеулі
Жар қылышын шығардым. Құрлыққа шыққан шынармын, Айтысуға құмармын.
Азу тісім сақылдап,
Қандай жүйрік болса да, Қос өкпеден сығармын. Тұяғым болат тұлпармын, Дуда неғып шыдармын?!
Руымды сұрасаң, Мен – Майлыбай Кетемін. Қашқан жерде құтылып, Қуғаныма жетемін.
Осы отырған, жамағат, Жаңа талап балаға
Домбырамды қолдағы Енді ұсыныс етемін.
Нұрпейіс: Жырыңды байқап қарасам, Ешбір жоқ сенің ғапылың.
Жаңа өспірім бала деп,
Жетіспеген шала деп Толмады ма тақымың? Өзіңді сонша зорайтып, Мұнша неге тасыдың?
Түлектен шыққан шынығып,
Балапан бүркіт мен болам,
Құлағыңды сал, сұңқарым.
Тұяғым тастан қайтпайтын, Жарауым түскен тұлпармын. Бәйгелі жерге қосқанда Жер танабын құртармын.
Қазақбай ақын келед деп Сәрсенғали, Құлназар Ат жіберіп шақырды.
Қанша бала көрсең де, Толтырармын тақымды. Өзіңді зорға санайсың, Мені кімге балайсың?
Ар жақ пенен бер жағын Алыстан орап қарайсың. Қарағанмен, Қазеке,
Сен – бір гүлсіз қу ағаш, Миуалы – мен – балдырған. Сүйексіз қызыл тілімді Жаңылдырман, талдырман. Тарлан тартқан көкжалға Жастығымнан шалдырман.
Қырқып, қиып желісін, Ағыным бөгеп өрісін, Кілтсіз кісен салдырған.
Естуімше сыртыңнан,
Жырдың ағыс көзі едің, Айтулының өзі едің. Сіздей жүйрік шежіре
Іздеген менің керегім. Аңсағанда алдымнан Тілегенім табылған. Тарлан тартқан жүйріксің Талай топта шабылған. Екпінің күшті көрінді Тас аунатқан ағыннан.
Айрылмасам бағымнан,
Кесілмесем қарымнан,
«Сөйле», – деп, кезек бергенде Айтарымнан жаңылман.
Тас кесетін алмастай
Жыр күштісі табылған.
Алшысында ақ алмас Сенен қорқып, тарылман. Даңқыңды естіп сыртыңнан, Бір кездессем деп едім.
Дүбірің алып тыншымды, Жанымды жастай жеп едің. Әр мысалдан жыр жырлап, – Домбыраны беремін.
Жасы үлкен қарт аға, Қазекең алсын кезегін.
Қазақбай:
Домбыраға үн қоссам, Әнге жырым жарасқан.
Алпысқа жасым келсе де, Жерім жоқ бұрын адасқан. Шүреннен шыққан жас бала Меніменен таласқан. Талай айтқыш егесіп, Тозаңымнан адасқан.
Жыр қанаты қомдалған, Жыр қымбаты таңдалған. Етектен бала алды деп, Арланбан да, шамданбан.
Дуа тиген Майлыбай,
Енді бастап сөйлейін
Ожырай, Кете елімнен, Елімде өткен бай менен Қайтпайтын жаудан ерімнен.
Дау дегенде желіккен,
Кілең мықты серімнен,
Дербісәлі, Сүлекең,
Кетенің биі – данасы, Халқымның қорған, панасы.
Әулие өткен жан еді,
Үлгі болған халқыма Керемет үгіт, санасы. Ел бастаған ер еді, Ерлер мен биім көп еді.
Ежелден-ақ Майлыбай Мақтауыма сиятын,
Аузыма толы сөз еді.
Ақынды айтсам мақтанам:
Ожырай, Кете – астанам
Жастілеу мен Бақберген
Тасыған судай қаптаған, Майлыбайдай ерім көп, Елді берік сақтаған.
Білімі артық биім көп Екіталай жерлерде Елдің сөзін бастаған.
Малы өріске сыймаған Сан жетпейді байларым. Ақсүйектің ұлындай
Елден озған паңдарым,
Таршылықта жол тауып, Орындаған арманын.
Осынымның бәрі рас, Айтпаймын сөздің жалғанын. Көпті көрген көнемін, Біраз жерден қармадым.
Екіталай кезеңде
Қабады жайын қармағым,
Ежелден ақын үлгілі, Мен – Майлыбайдың бұлбұлы, Басады, балам, салмағым. Қартайып, жасым жетсе де, Батпай кетпес бармағым.
Жыршының сөз табады тіл мен жағы, Майлыбай, Бақтыбайдың артық бағы.
Ерегіс екіталай сөз болған соң
Қартыңның айдын көлдей шалқыр шағы. Аяма барың болса, қимылдап қал, Жас бала, кезегіңді бердім тағы.
Нұрпейіс: Ақылмен ойлап, сөз табар Адамзаттың данасы.
Өзіңе аян, Қазеке,
Әлімнің алты баласы:
Біреуі – Кете Майлыбай, Терістаңбалы Ожырай.
Ән мен жырым сайма-сай, Ата тектен жырласаң, Бола алмассың, маған сай. Ерлерімді екшесем, Сонда менің көңілім жай.
Біз – баласы Әлімнің,
Өзімнің атам – Жаманақ,
Жыр жырлаймын саралап,
Жөн білмейтін олақтай, Сөз айтпаймын қаралап.
Қаймығып, кімнен қорқайын, Кім қымбат та, кім арзан, Атадан бастап айтайын.
Тұқым, текте кемім жоқ,
Айтыстан неге қашайын? Орыстан өрген үш бала:
Есенәлі, Айдарбек, Есенәлі баласы, Жетеу екен шамасы. Шектінің шексіз ерлігіне Болмаған ешкім таласы.
Құрманай мен Құттық,
Жиеншора, Жолшор,
Асан, Үсен, Кішкене – Осылар туған баласы.
Өзімнің атам – Бөлек-ті,
Бөлектен туған кім десең, Шамаң келсе, Қазеке, Айта бер бетке мінімді. Тіл найзаңды салып көр, Аяма жас деп ініңді.
Сендерді жерге қаратсам,
Сұрама, жұртым, құнымды, Тілеу-Қабақ мың айдап, Қай жауынан сүрінді? Оқпен атып шіркейді Мергендігі білінді.
Алысқанмен алысып, Әділдікке жүгінді.
Сөзбен егеп, Қазеке, Шығарма сыртқа түгіңді. Тілеуімнің ішінде
Әулие өткен Мөңке би,
Дәулет пен баққа асқандар, Қайырын судай шашқан бар.
Халқыма жаққан бар,
Халықты қорғап, баққан бар, Түрлентіп салған әнім бар, Әнде көркем сәнім бар.
Өркешті туған нарым бар,
Ұзынсақал, Қарақұл, Батақтан туған Сарым бар…
Жайнап туған жас жанмын,
Аруағым бар ар, намыстан,
Айтуыма сыймай ма, Көтібар мен Арыстан?! Шектінің туын шыңға ұстап, Талай жаумен алысқан.
Дұшпанын жерге жанышқан,
Ерегескен жерінде,
Табан тіреп қарысқан
Жауды көрсе, ақырған, Ұрысқа елін шақырған, Егескен жауын қашырған.
Қарсыласқан қалың жау,
Аяғына бас ұрған,
Сол секілді ерлерді Халыққа айтпай, жасырман.
Көтібардың алты ұлы
Алтауы да – берен ер,
Дұшпанын басып, жеген ер
Бәрі айтулы кемеңгер,
Ерінген күнде би болып,
Еріккен күнде ер болып «Жау табылса» деген ер. Есет ер елде бас болған, Ерлігіне елі мас болған.
Хандарменен қас болған
Хан алдына келгенде,
Қаймықпас қара тас болған,
Есет емей кім еді,
Ақсүйекті жылатқан
Айқайлап салған ұраны, Кетпейді әлі құлақтан.
Тоғыс арыс Назарым,
Назарымды жырласам, Кіреді сонда ажарым. Өлең – жырдың, Қазеке Қыздырамын базарын. Бес Шүреннің ішінде Елубай, Жарас ерім бар.
Туғаннан туға таласқан,
Туы күнге жанасқан,
Ешкім мықты болған жоқ, Елубай мен Жарастан. Айтысардан бұрын, Қазеке, Көзіңді сал еліңе.
Қаратаңды мақтама
Қоңсы қонған жеріне,
Қатынымен екеуі,
Жылап барған кешегі, Дәрібай, Есет еріме.
Батырлары Есеттің Ат жаратып, баптаған, Қарағай найза саптаған.
Елге келген қонақ деп,
Дәрібай, Есет ерлерім
Қаратауды сүйген ер,
Талай жерді кезген ер, Талай жауын езген ер. Сол ерлерді кемітпей
Тарлан тартқан, Қазеке, Тіліңізді тарта көр.
Қазақбай:
Білікті кем болмайды болса дана,
Сөзімді менің айтқан тыңда, бала.
Майлыбай Бақтыбаймен бөтен емес, Қарағым, ойға салып, ойлап қара. Екі елдің жігін ашып, таласпайық, Ішінде Тама, Табын адаспайық.
Айтыстың алды, арты осы болсын, Бұл сөзді бөтен жерге таратпайық.
Жаңа өспірім баласың, Дауылдап өрттей жанасың. Балалықтың жөнінен
Қатты кетіп барасың.
Қарт ағаңды сыйламай Найзадай тілді саласың.
Біздің Арыс, Кетеде
Байқошқар мен Құттық-ай, Бәрі тегіс, бәрі бай.
Малы жонға сыймаған. Есмағамбет, Өмірбай, Байлықпен озды Көздібай. Көздібайдың Бітені Болып өтті қонақжай.
Мал мен бағы сайма-сай, Байыңды айтшы расындай? Мақсатқа мақтау сиятын Байқошқарда Оразбай. Қайсыбірін айтамын,
Біздің Кете – бәрі бай. Ағып жатқан аппақ май, Дәулеті мен бағы тең.
Қайнатулы қызыл шай.
Шалқып жатқан жерім кең. Теңгерісіп айтыссақ, Майлыбайдан елің кем.
Өте алмассың, шырағым.
Қиыннан өткел салармын.
Қазулы ор сен болсаң, Өткел бермес дариядай Алдыңнан орап ағармын. Жеңемін десең жырымның Қиынын келтір желімдеп.
Айтып өттің бірталай Шектімде көп ерім деп.
Мен – Майлыбай Ақкете,
Сүйегім қызып, желігіп, Өзіме-өзім сенемін, Дуды көрсем, желемін. Байың менен еріңнің Қалдырмай айт дерегін.
Жалын атқан жас бала, Жастығына мас бала, Кезегіңді ал, беремін.
Нұрпейіс:
Қазақбай, білдім жайыңды, Болдың ба айтып байыңды?
Мен білмейтін байың жоқ,
Қайыры жоқ малынан, Зекеті жоқ жанынан, Байдың несін мақтайсың?
Құдайы қонақ келмеген,
Бір аяқ ас бермеген, Бөтен түгіл, өздері Мал рақатын көрмеген. Табындар отыр арада, Екеумізді сынаған. Ұят та болса, айтайын, Бір сөзің жоқ ұнаған. Қайыры жоқ байларың Бір мал өлсе, жылаған. Шеберлікпен, Қазақбай, Жоқтан барды құраған. Жасы жеткен ақсақал, Алыстан айтып, орадың. Бейсенғали, Құлназар, Екеуміз де – қонағың.
Бұл Қазекең мақтайды Құнсыз болыс – Оразын.
Әдеттенген кісі екен Айтысқанда әр жерде
Ақынның тауын қайырған.
Құрыш болат – мен – алмас Тасқа салса, қайтпайтын. Бәрін айтып нетейін, Білдіріп қана өтейін. Егізімнің сыңары
Тілеу-Қабақ, ауылым, Бірге тума бауырым. Айтпен, Бұжыр дейді жұрт Кіші жүздің сауырын…
Күркіреген Көтібар,
Қаймығып жолдан таймаған,
Қалың қолды көргенде, Жігері тасып, қайнаған. Халықтың қамын ойлаған, Жолдастарын қорғаған.
Қарақұлдай ерім бар
Қарағай найза толғаған,
Талай-талай жауларға
Аттанысқан аламан Ханмен, баймен қас болып Талайын жұлып, талаған. Өтірік десең, көзіме айт,
Дәрібай менен Қарақұл Бар ма еді жауды санаған?
Ерлігіме мақтанам Дұшпанын қылған қара қан…
Жауға бүлік салған ер,
Беттеген жауын алған ер,
Бұл дүниеде опа жоқ – Соларды да алды қара жер.
Сен – қараңғы тұмансың,
Мен – жайнаған панармын, Қиыннан өткел табармын. Шындықпенен шідерлеп, Аяғыңнан шалармын.
Жырмен болат суарып, Алдыңа бөгет салармын.
Өтірікті өнер көрмеңіз,
Негізін іздеп табармын.
Бала екен деп, басынба! Жасың үлкен болса да, Қасқайып, кезек алармын.
Бай, мырзаға жалбақтап Бағынасың сонша тым, Ар емес пе өзіңе?!
Айтқаным достық көзіңе Емес пе, жұртым, мұным шын?!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *