ҚАДЫРБАЙ МЕН БАЙТОҚ
Бір күні Жәңгір хан билер алдында отырғанда сыртта Байтоқ ақын келіп, түсіп жатыр дейді. Мәжілісте ханмен бірге Қадырбай ақын бар екен. Хан Қадырбайға: «Байтоқты есіктен кірмес бұрын бір ауыз сөзбен тоқтатшы», – дейді. Есіктен кіре берген Байтоққа Қадырбай:
Осы үйде үлкен-кіші толып отыр, Шай менен қымыз ішіп, болып отыр.
Байтоқ ақын келгенмен, орын бермей, Басыма дәулет құсы қонып отыр, –
дейді. Сонда Байтоқ тоқталмастан:
Біреуі бес намаздың бесінде тұр,
Әлгі бір айтқан сөзің есімде тұр.
Алақандай басыңның бәрі жылтыр, Дәулет құсы таз баста несіне отыр? –
дегенде, отырған халық шулап, ақынға орын беріпті.