НОҒАЙБАЙ МЕН ЗЫЛИҚА

НОҒАЙБАЙ МЕН ЗЫЛИҚА
Ноғайбай:
Ішінде қалың Найман әкем туған,
Мен, Ноғайбай, жасымнан өлең қуған.
Көзімді алып, Құдайым сөз беріпті,
Болсын деп жүрген жері күнде думан.

Зылиқа:
Жиын десе, Ноғайбай, жының бар ма, Ел қыдырмай жүретін күнің бар ма? Сал жігіт салтанатты сен емессің, Келісті, ел көретін түрің бар ма?
Ноғайбай:
Көзің соқыр демесең, мінім қайсы?
Соқыр көрсе, иектер жының қайсы? Ел дария болғанда, біз – қоңыр қаз, Елсіз жерде көретін күнің қайсы?
Зылиқа:
Елге қонбас қоңыр қаз көл болмаса, Естігеннің бәрі – ағат, көз болмаса.
Ел қолында сайраған мен бір бұлбұл, Сөз бермейтін сыңар жақ кез болмаса.
Ноғайбай:
Есерсоқсың, Зылиқа, той тойлаған, Суық жүріс әдетің бір қоймаған.
Жол жағасы бір түп ши пана тапса, Кім көрінген сүйрелеп, сор қайнаған.
Зылиқа:
Көзі соқыр, кейіпсіз түрі шұбар, Кеудесінде жаны бар, тірі шығар. Кім екенін білмеймін, кез келіпті, Өсек-аяң тергеннің бірі шығар.
Ноғайбай:
Асыл жасық болмайды кеміткенмен, Есек жылқы болмайды семірткенмен. Адам болып келіп ең қай балшықтан, Калай жүріп-тұрса ерік берген.
Зылиқа:
Адам болып келіп ең қай балшықтан, Ауырғаның жоқ па еді айланшықтан?
Тіл-жағыңа сүйенбей, жөніңді айтшы, Адамсың біз білмейтін кайдан шыққан?
Ноғайбай:
Руым – Каракерей, шешем – Мұрын, Жеті ата Жолымбетке төккен нұрын. Батыры Каракерей ер Қабанбай,
Аталған кімнің аты одан бұрын…

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *