Кәрібай мен Әсет. Айтыс 1916 ж. болған. Айтыстың шығу тарихы: сол жылы тамыз айында Қаракерей түселіндегі (Көктұма сиязы) кезінде болған. Айтыс 3 күнге созылған. Сол кезде Жайсаңға қарасты Саты, Сайболат, Жұмық, Тәуке руларының болысы, руы Ақнайман Кәкім көзіқарақты адам болғандықтан, екі ақынның айтқан сөзін түгел жазып отыруға адамдар тағайындаған. Бірақ съезд біткен кезде жазған адамдар тарап кетіп, бас-аяғы түгел жиналмай, ел арасында үлкенді-кішілі бірнеше түрде, яғни толық емес күйінде тараған. Бейсенғали нұсқасы көлемдірек, оны 1943 ж. Кәрібай ақынның үлкен ұлы Құнапияның жатқа айтуынан жазып алған. Әріпжан ақынның үшінші ұлы Сапиолла 1974 ж. жатқа айтып, қағазға түскен. 1996 ж. Шатабай Кенжебайұлының айтуынан жазылған тағы бір шағын мәтін болды. Алтай өңіріне тараған мәтінді Асқар Татанайұлы 1960 ж. халық ақыны Болмас Төлемісұлынан жазып алып, оны «Мұра» журналында (1983, №3) жариялаған. Және 1985 ж. Шыңжаң «Жастар» баспасынан шыққан «Қазақтың байырғы айтыстары» атты кітапқа енген.
Бұған қарағанда, көлемі шағындау, бірақ екі ақынның өз руын асыра мақтап, екінші жақтқа және қарсыластың жекебасына тиісу жағынан мазмұны ұқсас нұсқа «Айтыс» жинағына (1-том, 1988, 163 – 165-бб.) енген, бірақ ол ұсынылып отырған айтыс мәтінін қайталамайды. Антологияға ақынның «Арман да, арман, шын арман» атты жинағынан (158-189-б.) алынды.
*Ескерту: Кітапта «Күнін кес, мына дауды тез бітір — деп» берілген. Әңгіме құн кесу туралы болып отыр, бірақ кітапқа сүйеніп, осы жолды қалдырдық.