Заман мен Ұмсын

Заман мен Ұмсын. Айтыстың қай жылы болғаны белгісіз, бірақ жазып алушы – М.-Ж.Көпейұлы. Ол 1915 ж. желтоқсан айында Айдабол, Тайкелтір Байбатыр абыздың баласы Шалқарбай қажыдан жазып алған. Айтыстың шығу тарихына байланысты мәлімет ретінде М.-Ж.Көпейұлы берген ескертпе: «Ұлы жүз Үйсіннен шыққан ақын Ұмсын қыз бен Заман қожаның айтысқаны. Қыз айтыпты:
− Бұл қожамен айтысқанда, үш түрлі сауал сұраймын. Екеуіне жауап берер, біреуіне келгенде, тоқталар. Егер оған тоқтаса, шын қожа болғаны, онда пірлікке жарайды. Егер шешендікке салып, оған да жауап беремін деп далбасаласа, өтірік қожа болғаны. «Әділ биде ата жоқ, тура биде туған жоқ; туғанына бұрған биде иман жоқ!» – деген. Көп жиылған әлеуметтің ішінде қыз айтысады деген ойында жоқ қожа өлең соқты».
Антологияға М.-Ж.Көпейұлының көп томдық шығармалар жинағынан (6-том, 250-257-бб.) алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *