ЕШНИЯЗ САЛ МЕН КЕНЕКЕС
Ешнияз сал:
Құрысын, Елібайың, су бермейді, Жатқаны жазы-қысы, той көрмейді. Сол жерде құнын бір-ақ жоқтатар ем, Толыбай қолымды ұстап, жібермейді.
Кенекес:
Құрысын, қыр қазағы, қондырмайды, Сексеуіл отын жақсам, тоңдырмайды. Үйіне зәуіқайыр қондырса да, Онымен тамақ беріп оңдырмайды.
Ешнияз сал:
Берейік Елібайға ет пен майды-ай, Елібай қайдан білсін қант пен шайды-ай? Елібай көже берсе ішер еді, Елібайға жүгері көже қайда-ай?!
Мір тілі Елібайдың зәрден ащы, Шығаршы үйден сабап Елібайды-ай.
Кенекес:
Ешнияз, бәрекелді, мынау ісің,
Айтады осы сөзді үлкен-кішің.
Аулыңа келсе қонақ «Қуамын» деп, Өзіңнің болса бұ да көргенсізің.
Ешнияз сал:
«Келді» деп бұл Елібай бұғайын ба, Бұққандай, бұл Елібай құдайым ба? Мір тілі Елібайдың зәрден ащы, Осы итті үйден қуып шығайын ба?
Кенекес:
Шөмекей, Кетеменен – жез бенен мыс, Жетіру: Тама, Табын – алтын-күміс. Ауылым Бұқарбай мен Сейілдікі, Артыңа қарасайшы, байғұс, Құлыс.
Ешнияз сал:
Бұқарбай, Сейілменен ағайын ба, Дегенің «ағайыным», абайың ба?
Алып кел Бұқарбай мен Сейіліңді, Шыққанша салың судан сабайын ба?
Кенекес:
Қорқады үргеніштік түрікпеннен, Бар еді қай тегіңде ұрып көрген? Атыңа мін де ауылыңнан шық далаға, «Құйрығы ауыл итінің түрік» деген.
Ешнияз сал:
Еліңнің жазы менен күзі қалай?
Айтатын бір-біріне сөзі қалай? Ау, жаным, сенен мен бір сөз сұрайын, Болады Елібайдың қызы қалай?
Кенекес:
Ішкені қыздарының қант пенен шай, Не қылсын қант, шай ішпей, әкесі бай. Аршын төс, алма мойын әрбір сұлу, Бар еді Елібайда жазық маңдай. Таққаны өңіріне өңшең күміс,
Жүреді омырауын көтере алмай…