ОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ТІЛДІ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Д.М. Какимова
Қоғамды ақпараттандыру қазіргі замандағы экономиканың, ғылымның, мəдениеттің дамуына негіз болатын шарттардың қатарында. ХХІ ғасыр Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «Ақпараттандыру ғасыры» деген атауға ие болды. Заманауи ақпараттық қоғамның дамуы инновация деп сипатталады. Оның негізінде ақпарат жатады. Ал ақпараттың, О. Тофлер атағандай, жаңашылдық, динамикалық жəне əртүрлілік сипаты болады. Осы аталған ақпараттың үш сипаты қоғамды да, əлеуметтік институт ретінде білім беруді де сипаттайды. Ақпарат деректерінің ұлғаюы қоғамдағы ақпарат алмасу процесінің динамизациясына əкелетіндіктен жаңашылдық қашан да пайда бола бермек. Жоғары оқу орнында инновациялық тəсілдерді енгізу білім берудің тиімділігін арттыруда маңызды саналады. Білім беруде инновацияға деген ұмтылыс бұқаралық сипат алуда. Жаңа білім алуға жəне жоғары мектептегі оқытушының инновациялық білімдарлығы мен мəдениетіне деген қажеттілік артып келеді. ЖОО оқу процесіндегі кредиттік технология бойынша өткізілетін сабақтарда тілді оқытуда жаңа инновациялық тəсілдерді қолдану осы талаптардан туындайды. Білім берудің инновациялық тəсілі – оқу материалын игеру процесінің практикалық қызметіндегі жаңалықпен айқындалатын «оқытушы-студент» қарым-қатынасындағы жаңа əдістер.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Сондықтан тіл үйретуде ақпараттық технологияларды қолданудың тиімді жақтары мен жаңа ақпараттық технология құралдары (жаңа типті компьютерлер, телекоммуникациялар, виртуальды орта жəне мультимедия, интерактивті құрылғылар) оқу үрдісіне енгізілді.
Елбасымыз Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл елімізде əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникативті технологиялар біздің елімізде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Оқу үрдісінде жаңа технологиялық əдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деген болатын
[1, 67 б.].
Яғни, еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дəрежеге жеткізу. Осы бағытта оқытушылар алдында оқытудың жəне тəрбиелеудің жаңа ақпараттық технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұрғанын жақсы түсінеміз. Өйткені кез-келген адамның үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету жүйесі ақпараттандырумен тығыз байланысты. Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері адамның интеллектуалдық, шығармашылық потенциялының даму мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Оқытушының инновациялық іс-əрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелілігіне назар аударуы қажет. Жаңа инновациялық технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, студенттерін жеке тұлға ретінде бағалауы орын алады.
Түсті графиканы, бейнетехниканың мүмкіндіктерін пайдалану тілді меңгертуде студенттерге ерекше əсер етеді. Студенттің кез-келген тапсырманы аяғына дейін орындап, өзінің ой-өрісін пайдаланып, кез-келген сұрақты қойып, оның шешімін тауып, білімін дамытуға мүмкіндік туғызады. Ақпараттық технологияны жеке тұлғаны дамыту мақсатында қолдану жолдары:
— электронды почтаны қолдана білу;
— материалды компьютер арқылы презентациялау;
— мəтінді графиктік сызбаларға түсіру;
— мəліметтер қорымен, əдебиеттермен жұмыс;
— электрондық оқулық, диск, қосымша материалмен жұмыс; — интернеттен ақпарат алу.
Қазіргі жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері адамның интеллектуалдық, шығармашылық потенциялының даму мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізетіні сөзсіз.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нəтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін əр оқытушы, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тəжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, əлеуметтік, тұлғалық жəне жеке құзыреттілікке ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті əдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады [2, 8 б.].
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тəрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.
Оқытушының инновациялық іс-əрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Осыған байланысты деңгейлік тапсырмалар беруде оқытушы ең алдымен тапсырмалардың мазмұндық жүйелілігіне аса назар аударуы қажет. Жаңа инновациялық технологияны жүзеге асыруда оқытушы белсенділігі, шығармашылық ізденісі артып, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, студенттерін жеке тұлға ретінде бағалауы орын алады.
Сонымен қатар, ақпараттық жəне телекоммуникациялық технологиялардың оқутəрбие үрдісінде қолданылуы студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ақпараттық компьютерлік технологияны пайдалануда студенттер мектепте алған білімдерін ұштап, мамандыққа сай берілетін білімдерін молайтып сабаққа белсене қатысады. Өйткені компьютер арқылы оқу материалын беруге, оны əзірлеуге, бақылауға, қорытындылауға, көмек беруге мүмкіндік зор.
Студенттерді қажетті білім дағдыларымен қамтамасыз ету үшін оқытушы əр сабақта жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Ол үшін тіл үйретушінің əдіскерлік шеберлігі, теориялық білімі, ұйымдастырушылық қасиетінің жоғары деңгейде болуымен қатар, құнды жасалған көрнекілік, электрондық оқулық, аудио, бейнетаспалардың болуы да қажет. Осыған байланысты бір ғана электрондық оқулықтардың тиімділігін айта кетсек:
— əртүрлі жұмысты тез жəне қысқа мерзімде орындауды қамтамасыз ету;
— тілді үйрену уақытын үнемдеу;
— көрнекілік жəне түсініктілік принципін пайдалану мүмкіндігі;
— бейнелелеу мүмкіндігінің жан-жақтылығы;
— дидактикалық мүмкіндігінің жоғары деңгейлігі; — тіл үйренушінің өз бетімен жұмыс істей алуы; — тілді білу деңгейін бақылау жəне бағалау [3, 46 б.].
Сондай-ақ, электронды оқулықтағы оқыту, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы тіл үйретуде жай оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Олар жинақы, ыңғайлы түрде алынады, өйткені электрондық оқулық – бұл дидактикалық əдіс-тəсілдер мен ақпараттық тенологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Оны пайдалану барысында төмендегі мақсаттар жүзеге асырылады:
— тыңдалым арқылы екпін, қазақ тілінің төл дыбыстарына назар аударту; тыңдау арқылы қабылдауға, есте сақтауға, дұрыс оқуға дағдыландыру;
— оқылым арқылы мазмұндап, өз ойын айтуға үйрету; оқу жылдамдығын арттыру; оқу арқылы мазмұнын меңгерту;
— жазылым арқылы берілген түрлі жаттығулар мен тапсырмалар арқылы тіл үйренушінің сауаттылығын арттыру; қойылған сұрақтарға жауапты жазбаша жазуға үйрету;
— көру арқылы берілген тақырып бойынша материалды пысықтау;
— əртүрлі тапсырмалар, тест арқылы тіл үйренушінің білімдерін тексеру [4, 75 б.].
Толассыз ақпараттар ағымын бүкілəлемдік Интернет жүйесі, спутниктік каналдар, теледидар, ұялы байланыс арқылы көріп, естіп қабылдауға машықтанған ХХІ ғасырдың өкіліне нағыз керегі – сандық бейне, анимация, компьютерлік оқыту ойындары, дыбысты жаңғырту т.б. компьютерлік технологиялар. Осылардың бəрін қолдануға мүмкіндік беретін қазіргі мультимедиялық бағдарламалар тіл үйретуді жеделдетуге, оқу дағдысын жоғарылатуға, сөйлесім əрекетін дамытуға зор əсерін тигізеді. Сөйлесім əрекетінің кез келген түрінің негізінде көру-есту моторының арасындағы байланыс жататыны белгілі.
Қорыта келе, ақпараттық технологияның алуан түрлілігі бүгінгі күні қарқындап өсуі, оның тиімділігі сапалы білім берудің бірден-бір қайнар көзі екендігі жəне оны əсіресе тіл үйретуде пайдалану – тіл үйренушінің ең негізгі құралы болатындығы анық.
Келешек ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде оқытушының инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі сапалы білімнің нəтижелі көрінісі. Сондықтан да қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мультимедиялық технологияларды қолданып, ақпараттық оқыту бағдарламаларын əзірлеудің теориялық, əдістемелік мəселелерін терең саралау жолымен жетілдіру тіл үйретушілердің ендігі кезектегі алға қойған басты мақсаты.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ə. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы. «Білім» баспасы, 1998.
2. Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. – Алматы. 2005.
3. Мынбаева А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или как интересно преподавать. – Алматы, 2007.
4. Қазақ тілін оқыту: жетістіктер мен жаңа даму бағыттары. Республикалық ғылымиəдістемелік конференция. – Алматы, 2011