АФАЗИЯ (грек. aphasia – қаз. сөй- леудің бұзылуы). А. – адамның сөй- леу қабілетінен жартылай не біржола айырылуы. Мұндай кемістік мидағы сөйлеу орталықтары мен қан тамыр- ларының ісініп, бас сүйегінің зақым- далу салдарынан болады. Ми ала- шарының белгілі орталығы зақымда- луына қарай А.-ның мынадай екі түрі бар: қимыл-қозғалыс А. мен сезімдік А. Қимыл-қозғалыс А. сөйлеудің ми- дағы орталығы (мұны Брока орталы- ғы дейді) мен сөйлеудің сезімдік ор-талығының (мұны Верника орталығы дейді) зақымдалуына байланысты. Бала сөйлеуінің дамуы соқырлығынан немесе нашар естуінен мардымсыз болып қалатын алалия деп аталатын кемістіктен А-ның айырмашылығы сол, бұл баланың дамып жетілген сөйлеу қабілетін жоғалтады.
Қимыл-қозғалыс А. бойынша баланың сөйлеуі біржола жоғалады немесе айтайын деген ойын үзілді-кесілді бі- рер сөздерді атаумен шектеледі. Мұн- дай жағдайда сөйлеудің дыбыстық үйлесімі мен буындары, сондай-ақ буындар мен сөздердің бір-бірімен байланысы болмайды. Мұндай кеміс- тігі бар балалар өзгелердің сөзін де шала-шарпы ұғынып, оларға толық жауап қайтара алмайды. Қимыл-қоз- ғалыс А. кеміс болған баланың оқуы мен жазуына да әсер етіп, олар жеке дыбыстар мен сөздерді де дұрыс айта алмайды. А-ға ұшыраған балалардың сөйлеуін қалпына келтіру үшін оның естуі мен көру талдағыштарының жұ- мысын жандандыратын шаралар қол- данып, сөйлеудің қимыл-қозғалыс жү- йесін қалпына түсіретін дағдылар қа- лыптастырылады.
Сонымен бірге ондай балалардың сөздерді дұрыс айтып, грамматикалық құрылысын үйренулері үшін машық- тандыру жұмыстары жүргізіледі. Се- зімдік А. бойынша бала сөздердің мә- ні-мағынасын ұғына алмайды, сөз- дер мен әріптердің дыбысталу ерекше- ліктерін ажырата алмай қиналады. Алайда бала бөгде дыбыстарды дұрыс қабылдау қабілетін жоғалтпайды. Сезімдік А. баланың сөйлеу қабілетін қалпына келтіру бағытында оның есту, көру талдағыштарының қызметін жандандырып, дұрыс сөйлеу мен жазу- сызуға деген әрекетін дамыту арқылы сөздердің мағынасын дұрыс түсіне білуге жүйелі түрде машықтандыра- ды. Қимыл-қозғалыс пен сезімдік А- лар өзге балалардың сөйлеуі мен сөз мағынасын түсіну қабілетінен біржо- ла айырылып қалуы сияқты кемістікке де ұшырауы мүмкін. Сондай-ақ А-ға байланысты кейбір сөздердің мәнін ұмытып қалуы сияқты кемістікке де душар болады.
А. бала психикасының қалыпты да- муына кедергі жасағанмен, оны ақыл- ойы кеміс балалар қатарына жатқызу- ға болмайды. Баланың сөйлеуіндегі А. қалпына түсіру үшін логопедиялық шаралар қолданып, емдеу жұмыстары жүргізіледі. А. сөйлеу әрекетінің әр- қилы түрлерінің жүйелі бұзылуын білдіреді. А. сөйлеу аппараты әрекет- терінің және естудің қарапайым түр- лерінің сақталуы жағдайында сөй- леудің фонемалық, морфологиялық жә- не синтаксистік құрылымының бұзы- луы түрінде көрініс табады.
Нейролингвистиканың түсініктеріне сәйкес А. келесі себептерден пайда бол- ған жүйелі бұзылыс болып табылады:
- алғашқы реттік дефект;
- алғашкы реттік дефектінің сал- дарынан болатын екінші ретті бұзы- лыстан;
- бұзылған функцияны компенсация- лауға бағытталған ми қызметін функ- циялық өзгертуден.
А. сөйлеу іс-әрекетінің бұзылысына әсер еткен фактордың біріне байла- нысты жеті түрін біліп көрсетеді:
- сенсорлық А. – фонемалық естудің – сөздердің дыбыстық құрамын ажыра- та алмау – бұзылысы; ауызша сөйлеу- ді түсінудегі қиындық;
- акустикомнестикалық А. – есту – сөйлеудің естің бұзылысы;
- негізінде көру есінің бұзылысы жа- татын оптикомнестикалық А.;
- белгілі бір логикалық құрылым- дарды, мыс., әкенің ағасы, ағаның әке- сі, жаздың алдындағы көктем сияқты құрылымдарды түсінудің бұзылысы болып табылатын, сонымен қатар, санау мен кеңістіктік ойлаудың бұзы- лысымен бірге жүретін семантика- лық А.;
- моторлық афференттік А. – сөздер- ді айта алмау, бір дыбыстарды екін- шісімен алмастырудан көрінетін сөй- леу бұзылысы;
- моторлық эфференттік А. – сөй- леу актілерінің кинетикалық ұйымда- суының бұзылысы, сөйлеу таптаурын- дарының инерттілігі салдарынан бір сөзден немесе буыннан екіншісіне ауы- судың қиындығы;
- динамикалық А. – сөйлеуді жоспар- лаудың бұзылысы түрінде көрінетін сөйлеудің бірізділігінің бұзылуы; ауыз- ша және жазбаша белсенді сөйлеудің бұзылуы.