ҰСТАЗЫМА
Əнін жазған – Ə.Əбдінұров Өлеңін жазған – Қ.Кішібаев
Көруші ем қабағыңның түйілгенін, Ойласам, екен ғой ол күйінгенің. Зейінмен тапсырмаңды орындасам, Есімде күлім қағып сүйінгенің.
Мақтасаң төбем жетіп көкке менің, Ақылмен мінімді айтсаң өкпеледім. Жаймаған жапырағын жас шыбық едім, Тілепсің өмірімнің көктегенін.
Жан едің жарқын мінез, кешірімді, Ұмытпан, абзал ұстаз, есіміңді.
Мен үшін арман қазір күлімдеген, Бір көру келбетіңді сол бір күнгі, Сол бір күнгі.