ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘДЕБИ СЫН ЖАНРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ С. ЖҰМАБЕК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ

ТƏУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ƏДЕБИ СЫН ЖАНРЫНЫҢ ДАМУЫ ЖƏНЕ С. ЖҰМАБЕК ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Е.Т. Шəңгереев

 

Қазақ əдебиеттану ғылымының  сын саласының ерекше өркендеген тұсын – 60 жылдармен байланыстыруға əбден болады. С. Əшімбаев, З. Серікқалиев, А. Сүлейменов, Ə. Кекілбаев сынды сыншыларды өзіне рухани ұстаз тұтқан, сол əдеби сынның қарқынды жалғасы ретінде, əдеби интеллектуалдық-эстетикалық сын бағытын ұстанған Сайлаубек Жұмабекұлы сол сыншылардың рухани жалғасы, тəуелсіздік кезеңіндегі сынның асқар биігін өрістетіп, өнер өнер үшін деген қағиданы ұстанып, көзі тірісінде талмай еңбектенген қара нар десек артық айтқандық болмас. Оған сыншының артында қалған мол мұрасы айқын дəлел. 

Сайлаубек Жұмабекұлы – қазақ əдеби сынының ғылыми танымдық, интеллектуалдық-эстетикалық  тұрғыдан кең өрістеп, кең құлаш жаюына үлес қосып, көзі тірісінде-ақ «азат ой, азат сөздің иесі» атанған талантты сыншы. Сол себепті, тəуелсіздік жылдарынан кейінгі əдеби сын процесінің деңгейін ғылыми тұрғыдан таразыласақ, сол ортаның ішінде, қайраткерлік танытып, əдеби сын майданында жеке батырдай қажыр қайрат көрсеткен, ХХ ғасыр жəне қазіргі қазақ əдебиетінің тұтас панорамасын өзіндік таным тұрғысына бедерлеп кеткен   əдебиет сыншысы, жан кешті дарын иесі, сөз құдіретінің қадірін бағалаушы темірқазық болды десек, артық айтқандық болмас.  Жазушылар одағының төрағасы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрлан Оразалиннің тұжырымымен бағамдасақ, «Сайлаубек сын дейтін сиректердің сирегі ғана ат ізін салар қия соқпағы мен «тар жол тайғақ кешуі» мол жанрдың ауыр жүгін қырық жылға жуық қайыспай көтерді. Əдеби өміріміз бен рухани кеңістігіміздегі əр жылт еткен жаңалық пен үлттық, тіпті ғаламдық деңгейге дейін көтеріліп, ерекше сипатқа ие болған қүбылыстардың бірде-бірі оның қаламынан көркемдіктің болмыс-бітімін таратып айтуға үмтылар сыншылық призмасынан тыс қалмаған. Ол «шын сынның, əсіресе шын сыншының бірден-бір парызы — əрқашан əдебиет пен өнердегі, яіни түтас бір рухани əлемдегі тек көркемдік ақиқаттарға ғана қызмет етуі» деп үғынған. Сондықтан сыншының көзмайын тауысып, қою қара шашын боз қырауға бояған, сирексіткен айлар мен жылдар, Сайлаубектің өз сөзімен айтқанда, «ата қазақ Ахаңдарда» жатқан қазақтың ұлттық көркем сын мектебіне ауыз толтырып айтар қомақты олжаны аз салмағынынан көреміз…» [1, 4 б.] деген əріптестік, достық пікірінің мəні зор. Сыншы əдебиет деген киелі өнеріміздің дамуына  үлес қосып, ұлттық таным деңгейіндегі мəселелерді салыстырмалы түрде əлемдік деңгейде кең тұрғыдан қарастырған З. Серікқалиев, А. Сүлейменов, С. Əшімбаев, Р. Нұрғали сынды аға буын өкілдерімен рухани сабақтас, интеллектуалдық-эстетикалық сынның тізгінін қолға алып, сол тұғырынын таймаған,  дəстүрлі сын мектебінің  өкілі екендігі даусыз. 

Сайлаубек Жұмабекұлы «Сын пернесі» (1989), «Ғабит Мүсірепов» (1989), Шерхан Мұртазаның шығармашылық жолы туралы «Жұлдызы нұрлы суреткер» (1993; екінші басылымы – 2002 ж),  «Жүрегі – мұң, жүрегі – жыр…» (1997), «Қазығұрт перзенті» (1998), «Сын əуені» (2001), «Тахауи Ахтанов. Талант Тектоникасы» (2003), «Сын симфониясы» (таңдамалы еңбектер, 2005 ж.)  атты сын кітаптарының, сондай-ақ  мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалардың авторы. Олардың бəрі сыншының интеллектуалдық деңгейі биік, білім парасаты мол, талантты екенін əйгілей түсті. Ұлттық проза, поэзия, дрматургия мəселелерін, дəстүрмен жалғастық диалектикасы, көркемдік-теориялық тұрғыдан танып-талдаған көптеген ғылыми еңбектерін жазды. Сондай-ақ, əдебиетіміздегі бір туар талант  Ғабит Мүсірепов, адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматов, Ə. Нұрпейісов, Ə. Тəжібаев, С. Мəуленов  тағы басқалармен жүргізілген сұхбат талдамалары арқылы əдебиетімізге сіңірген еңбегі  ұшан-теңіз. Сыншының Бұхар жыраудан бастап Мəшһүр Жүсіп Көпеев, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Əуезов, Т. Əлімқұловтан бастап, тəуелсіз əдебиетіміздің хас суреткерлері атанған Асқар Сүлейменов, М. Мақатев, С. Мəуленов, Қ. Мұхамеджанов,                             О. Əубəкіров, С. Бердіқұлов, Ж. Нəжімеденов, Ə. Тарази, С. Жүнісов, Ə. Кекілбаев,                            Қ. Ысқақов, З. Серікқалиев, Р. Нұрғали, Ф. Оңғарсынова, Б. Нұржекеұлы, тəуелсіз əдебиетіміздегі сыншының өз буыны Т. Медетбек, М. Байғұтов, К. Ахметова, Б. Мұқай,               Ə. Сығай, О. Бөкеевтердің əдеби шығармашылығына қатысты ғылыми толғамды сыни еңбектері оны əмбебап, кең құлашты, көшелді сөздің иесі екендігін анықтай түседі. 

Сайлаубек Жұмабекұлының өмірі, шығармашылығы, сыни еңбектері, сыншылдық тұлғасы жайындағы мақалалар, зерттеулдер, шолу рецензиялар қатарына Ш. Айтматов,

Ш. Мұртаза, Қ. Мұқаметжанов, Қ. Ысқақ, С. Жүнісов, А. Якубов, Ə. Жұмабаев,                       

Г. Бельгер, Т. Боранғалиұлы, Ə. Бөпежанова, Н. Оразалин, А. Нысаналин, Т. Тоғанай,                        Қ. Əбдезұлы, Ə. Балқыбек, Б. Шарақымбай, Ж. Əшімжан, Е. Кузнецова, А. Петровский жəне тағы басқалардың мақалаларын, пікірлерін сұхбаттарын айтуға  болады. Оның əдеби-сын мұрасы кейінгі жылдары əдеби процестің дамуына əдеби сынның тұтастығымен байланысты қарастырыла бастады.

«Сынның дəрежесі – жалпы əдебиеттік білімнің дəрежесінде көрсетеді» [2, 126 б.] деген пікірін мақаламыздың нысанына алынған Сайлаубек Жұмабекке телуге əбден болар еді. Себебі, оның шығармашылық еңбегі сан-салалы. Бұл турасында Қ.Мұқаметжановтың «… төл əдебиетіміздің тəжірибесін өзге жұрттың табиғаты ұқсас құбылыстарымен салыстыра сараптауға бейіл. Жəне оң қол, сол қолға бірдей икем. Яғни, əдебиеттің барша жанрына жақын, көңілі көрші» деген пікірін келтірсек артық болмас. Сайлаубектің қаламгерлік қарымында əдебиеттің барлық жанры проза, поэзия, драматургия, тіпті аз десеңіз, жалпы қоғамдық өмір проблемалары еркін қозғалады, бір сөзбен айтсақ, қазақ ұлттық руханиятының қазіргі таңдағы аға буын сыншылардың рухани заңды жалғасындай əрі қарай дамытушы тұлға еді, амал қанша тағдыр оған ұзақ жасауды бұйыртпапты. Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шықса да артына көркем əдебиеттің тұтас кезеңдік тарихын қамтитын картинасын жасап қалдырды. 

Ғалым С. Жұмағұлов: «Қаламгерлер дүниетанымындағы қоғам болмысына тереңдеу концепциясының жетекші сипатқа ұласуы, образ əлемін ұлттық сипатта ашудағы күрделі өзгерістердің шеберлік иірімі сыншылардың қаһарман сомдалуындағы ұнамды жəне ұнамсыз мəселелеріне жаңаша зерделеумен келуді талап етті. 1970 жылдардағы əдеби сында Н. Ғабдуллин, Б. Майтанов, Б. Ыбырайымов мақалаларымен үңілген болса, маңызды мəселе 1980 жылдар сынында «Тақырып, талғам, ізденіс» тақырыбындағы Н. Ғабдуллин, О. Бөкеев, Н. Ақышев диалогында, С. Жұмабеков, Б. Ыбырайымов мақалаларында жаңғырған сипатта көрінді. «Ұнамды қаһарман жəне уақыт талабы» тақырыбында өткен «ҚƏ» дөңгелек үстелінде (30.09.1983) пікір алысқан сыншы, қаламгерлер толғамы пісіп жетілген мəселелерді жіті байыптауларымен назар аудартады. Қазақ əдебиетіндегі қаһарман табиғаты социологиялық сипаттағы таза таптық танымда емес, қаламгер шеберлігі мен сөз өнерінің көркемдік заңдылығынан туындайтын құбылыс тұрғысынан сараланды»[3, 27 б.], — деген пікірін  келтіре кетсек орынды болар еді. Себебі, Сайлаубек Жұмабектің де сынға тікелей араласуы осы 1970 жылдардан бастау алағаны мəлім. Сайлаубектің  алғашқы сын мақалалары баспасөз бетінде 70 жылдары жарық көріп, сыншының сыншылық келбетін айқындай түсті.  

Əдебиет сыншысына жүктелер міндеттер, қандай, қаншалық дегенге назар аударсақ, ол төмендегше жіктелер еді. Бірінші – қазіргі – қазақ əдебиетінің табиғатын терең тани білу керек. Екінші – қазіргі қазақ əдебиетінің табиғатын терең талдап, түсіндіре білу керек. Үшінші – қазіргі қазақ əдебиетіне жоғары, биік талаптар қойып, міндері мен жетімсіздіктерін батыл джа қатал сынай білу керек, оларды түбегейлі жоюдың, қайталамаудың, болдырмаудың жолдларын көрсетіп, жазушыларымызды жаңа биіктерге жетуге жұмылддырып, жолбасшылық жасай  білу керек [2, 113 б.]. Міне, осы талап тұрғысына қарсақ, Сайлаубек Жұмабекұлы осындай талаптарға толықтай лайық, қазақ əдебиетің кешелі-бүгінгі жағдайына қанық білген терең білімді, оның күретамырын қолымен басып, жүрегімен сезіне білген парасатты, талантты сыншы. Біздің бұл сөзімізге сыншының алғашқы шыққан сыни еңбектерінен бастап, артына қалдырған соңғы дүниелерінің бəрі дерлік дəлел болары анық.  

Əдеби көркем сын туралы, сыншы туралы сөз, бір есептен, қоғамның рухани тынысы, мəдени ұстанымдары жəне парасат деңгейі туралы сөз. Шынайы көркем сын, шын сыншы өнер мен өмірдің үйлесімін іздеп танаурамайды, əдебиет — өмірдің көркем айнасы деген қағиданы алтын қазық – догма санамайды. Шынайы сын мен шын сыншы əдебиеттің ұлт өміріндегі, рухани мəдениетіндегі маңызын өнердің өз биігінен, əлемдік өлшемдер биігінен зерделеуге ден қояды. «Өнер өмірден үйренбейді. Өнердің өз тарихы, өз логикасы мен динамикасы бар» /Асқар Сүлейменов/. Өнерді өз логикасы мен динамикасынан тани отырып талдау, оқырманның рухани айналымына түсіру жəне тағы осыған қоса өз шығармаларын рухани айналымға қосу – шын сыншының басты ұстанымдарының бірі болса керек. Көркем ойдың жалпы деңгейі – сыншыдан əдеби дамудағы басты тенденцияларды анықтауда жан-жақты білім-біліктілікті, əдеби процесті жіті қадағалап отырар сергектікті қажеттейді. Бүгінгі əдеби көркем сынымызда көзі тірісінде осы ұстанымға жүгініп өткен санаулы ғана сыншы болса, сол санаулының бірі – Сайлаубек Жұмабек болды деп айтуға толық негіз бар. 

Сайлаубек Жұмабекұлының шығармашылық тұлғасының əр қырын əріптестері, аға буын өкілдерінің айтқан тұжырымдары зорайта түседі. Мысалы: «Сыншыға қажет білім-білік, төгіліп тұрған тіл, өзгеге жалтақтамай жарып түсер дəлелді пікір, ішкі мəдениет – оның шығармашылық қарекетінің көз тоқтатар қыры. Бұл орайда төл əдебиетіміздің тəжірибесін өзге жұрттың табиғаты ұқсас құбылыстарымен салыстыра сараптауға бейіл. Жəне оң қол, сол қолға бірдей икем. Яғни, əдебиеттің барша жанрына жақын, көңілі көрші.

Ш. Айтматов, Ə. Нұрпейісов, Ə. Тəжібаев, С. Мəуленов, М. Мақатаев шығармашылықтары туралы мақала, эссе, сұхбат нұрлы да сырлы пішінімен баурайды. Мұның жазуында ойдан жұтау, тілден тұтығу жоқ. Еркін көсіледі. Əсіресе, қара сөзге қазылық ету аталмыш сыншының төл стихиясындай көрінеді. Мəселен Ш. Айтматовтың «Жан пидасының» адамзаттық мəнін дəл тануы, атақты Ғабең Мүсіреповтен туған əдебиетіміздің қам-қарекеті жөніндегі сұхбат, Ш. Мұртазаның шоң шығармасы «Қызыл жебе» хақында қайырған қордалы қисындары жəне Ə.

Кекілбаевтың «Үркер» романы туралы үркердей оқшау, құлжадай құйма пікірлері оның мерген меңзеудің адамы екенін хабар береді. 

Өлең өнеріне, оны тануға əркімнің-ақ таласы бар. Сайлаубектің «таласы» мен де сол ауылға ат басын бұра салайынның таласы емес. Оның таласы — өзінің Абайын, өзінің Тəжібаевы мен Мəуленовын, өзінің Фаризасын тану. Бəріне өзінің көзімен үңілу», — дейді Қалтай Мұүхамеджанов. Ал, Шерхан Мұртаза: «Анда-санда Мəскеуде, яки Ташкент не Бішкекте кездесе қалсам Ш. Айтматов ағамыздың алдымен сұрайтын адамдарының бірі – Сайлаубек Жұмабек. 

Иə, Шыңғыс шығармалары туралы Сайлаубектің сын жазғаны рас. Сонда Шыңғыс сын көрмей жүр ме екен?… Мақтау естімей жүр ме екен?…

Демек, мəселе басқада. Ол – Сайлаубектің шығарманы, жалпы əдебиетті өзге сыншылардан гөрі жете танитындығы. Сол танығанын бүкпесіз, риясыз, тек өзіне тəн турашылдықпен айта білетіндігі. Бірақ «турасын айтсаң – туғаныңа жақпайсың» деген де бар. Шын сыншының тағдырын Құдай солай жаратқан. 

Бірақ, өйтіп үркектеп қалған Сайлаубек жоқ. Қарағай тектес. Сынса да шарт сынады. Əсте иілмейді. Есесіне  — түзу» [3, 237 б.] – деп түйіндейді. Ойлы айтылған пікірлерді Сайлаубектің сыни еңбектері толық дəлелдейді. Əдебиетке биік мұрат тұрғысынан келген сыншы қазақ əдебиетінің өресі мен өрісін ойлы да қарымды түрде таразылай алған 

Бүгінгі күн биігінен қарасақ, сыншы С.Жұмабек əдебиеттің ой-санасы аталатын сын жанрында табан тірегеніне, ешқайда мойын бұрмастан қалам тербеп, жан терін төгіп, ой моншағын теріп, несібесін сын саласынан тауып, көзі жұмылғанға дейін қырық жылға аса уақыт  өтіпті. Оның өзі аға əріптесі, ұстаз тұтқан З. Серікқалиұлына қарата: «…көрнекті сыншы Зейнолла Серікқалиұлының бүкіл жаратылысы – Сыншы, бүкіл тағдыры – Сын» деп жазғанын [1, 172 б.] сыншы Сайлаубек Жұмабектің өзіне қарата айту да əбден орынды. Көшелі сөздің көшін ілгері тартушы сыншы шығармашылығының таза өнер, көркем сын болып жарқырап көрінгеніне əдебиет оқырмандары, жазушы, ақындар, əріптестерінің көзі анық жетті. 

Сыншы Сайлаубек Жұмабекұлының шығармашылық тұлғасын тану үшін əріптестерінің айтқан, жазған пікірлерін санамалап келтіріп кетсек артық болмас. Əдебиеттегі жолын сыншылықпен бастап соңғы ғұмырына дейін сыншылықпен аяқтаған Сайлаубек қазақ əдебиетінің сыны жөнінде құнды пікірілер бере білді. Қаламы жүйрік сындарлы сыншы Сайлаубек Жұмабек сыншылық сапарын тоталитарлық  қоғамда бастап, кейін тəуелсіздік кезеңінде тоқырып қалмай, сынның ақ туын көтеріп, əдебиетке, жалпы ұлттық руханиятымызға адал қызмет етуге тырысып баққан жан. Бұл турасындағы ғалым Қансейіт Əбдзеұлы былай дейді: «Тəуелсіздік жылдардағы туған əдебиетіміз қол жеткізе алған көркемдік асулар мен белестерді өзінің əдеби сын өңбектеріне үзбей арқау етіп келе жатқан қазақтың дарынды, білімдар, көрнекті сыншысы Сайлаубек Жұмабек дөсек қателеспейміз» [3, 242 б.]. Оған оның сыни кітаптары туралы əріптестер мен аға буын өкілдерінің, қала берді орыс сындағы əріптестерінің пікірлерлері айқын дəлел. 

Əдеби туынды хақында кімнің пікір білдіріп отырғандығына, жазылу мəнеріне (стиліне) орай жазушы сыны, сыншы сыны, оқырман сыны деп үшке бөлуге болады. 

Жоғарыда аталған түрлерге орай  сыншы сыны дегенге тоқталып өтсек,                        С. Жұмабек кəсіби сыншы екені хақ. Бұл сынның басқа сыннан айрымашылығы турасында Ғ. Мүсірепов «ғылыми сын, тексеру-зерттеу арқылы əдебиетті ылғи алға сүйреп отыратын сын. Əдебиет пен жазушының алдына жарығын түсіріп, бастап отыратын сын» [4], – деп пікір білдіреді. Мұндай сындарды көбіне əдебиетті зерттеумен арнайы айналысатын ғалымдар, маман əдебиетші-сыншылар жазады. Сын негізінен ғылыми талдауларға құрылып, əдебиеттану ғылымының жетістіктеріне сүйене отырып, сол негізде тұжырымдар жасалынады. Нені айтса да дəлелді айтуға ұмтылады. Жазушы пікірінде сұлу сөздер, айшықты ойлар, көркем тіркестер, көрікті көріністер көбірек көрінсе, екіншісі сөздің саралығына, ойдың нақтылығына көңіл

бөледі. Мысалы, С. Жұмабектің сыншы маман ретінде жазғандарын барлап отырсақ, сұлу сөздер де, салмақты, саралауға тырысқан ой да бар екені көреміз. Бұған қарап, сынды жазушы сыны, мамандар сыны деп шартты түрде бөлуге болмайтын тəрізді. Ең бастысы, алынған тақырыптың талдану барысында, өз мүддесінен шыққандығын анықтауға көңіл бөлінсе маңызды болмақ. 

Сайлаубек Жұмабеков сын теориялық жағымен терең қаруланған маман сыншы. Кез-келген шығарманың идеялық жəне көркемдік сипаттарын аша түсуде библиографиялық тұрғыдан келу, оның авторының өмір жолын зерттей отырып, сол арқылы көркем дүниенің құлпын ашып, сырын білуге ұмтылушылық, яғни объектіні автор арқылы тану – да жемісті тəсілдердің бірі. Өйткені, шығарма жазушының өмір тəжірибесінің нəтижесінде туады. Жазушы шығармашылығы – оның тіршілікте көріп, көңіліне түйгендерінің қорытындысы, жинытығы. Ол шығарманың идеясынан, өмір материалдарын сұрыптап алуынан, көркемдік тəсілдерінен, стильдік қолтаңбасынан айқын көрінеді. Сол себепті де көркем шындықтың əлеуметтік, бейнелілік сырсипаттарын аша түсудле оны жазған суреткердің өмір соқпақтарын, тəжірибелерін жанжақты зерттеп, сыншылық қызметке пайдаланудың маңызы зор. Міне, осындай теориялық мəселелердің сыни дүниеде маңызды рөл атқаратындығын ескерсе, аталған əдіс-тəсілдердің С. Жұмабековтың сыни мұрасында шебер пайдаланылғанын оның кезкелген мақалалары, əдеби портреттері анық дəлелдейді. 

Сонымен қорытындыласақ, əдеби шығарма – озық идеяларды көркемдіктің қабатқабат қатпарларының тереңіне бөлеп, жасырып қойған, шын іздеген, қажетсінген адам ғана таба алатындай рухани қазынаға толы əсем ғимарат. Шын шығарманың шырайы да осы идеялардың көркемдік көрініс табуына байланысты. Міне, осы аталғандарды, шығарманың көркемдік қасиеттерін танытуда, ашуда түрлді кілт-əдістерді қолданып, сан сатылардан өтеді. Сайлаубек осындай күрделі саланы өзіне серік ете отырып, өзі пікір білдіріп отырған шығарманың табиғатына сай келетін, сыр-сипатын ашуға көмектесетін талдау əдістерді, не жүйені таңдап алып,  шығарманың көркемдік болмысымен көрсетуге ұмтылған, талантты сыншы 

 

Пайдаланылған əдебиеттер:

 

1.   Жұмабек С. Сын симфониясы. Таңдамалы. Əдеби толғаныстар, мақалар. – Алматы. «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы. 368 бет. 

2.   Сайлаубек Ж. Сын пернесі. Мақала, сұхбат, эсселер. – Алматы. «Жазушы» баспасы, 1989.

3.   Жұмабек С. Таңдамалы шығармалары. – Алматы7 «Ан Арыс» баспасы, 2008. Т.1. –

288 б. 

Мүсірепов Ғ. 5-томдық шығармалар жинағы. ІҮ том. – Алматы, 197

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *