МУЗЫКА ЖƏНЕ ТЕАТР

МУЗЫКА ЖƏНЕ ТЕАТР

 

 

 

 

 

 


М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры

Сабақта:
1. Музыканың театр қойылымдарындағы рөлімен танысасың;
2. Театр қойылымдарына музыка жазған композиторлар туралы біле аласың;
3. Театр қойылымдарына жазылып, классикалық үлгіге айналған шығармалармен танысасың;
4. «Музыканттар» ағылшын ұлттық əнін үйренеміз.

Драма театрындағы қойылымдарға арналған музыка өнердің басқа түрлерімен бірге сахналық көрініске белсенді түрде қатысады.
Театр музыкасы өте маңызды драмалық фактор болып табылады. Оның семантикалық жəне қалыптастырушы маңызы өте зор. Театрдағы музыка:
а) қойылымның эмоционалдық атмосферасын қалыптастырады; ə) оның басты идеясына ерекше көңіл бөледі;
б) əрекет уақытын жəне орнын нақтылайды; в) кейіпкерлерді сипаттайды.
Сонымен қатар спектакльдің қарқыны мен ырғағына əсер етеді,

 

84 84

шиеленіске назар аударады, лейтмотив арқылы спектакльді біртұтас етеді.
Драма театрында музыка екі негізгі рөл атқарады: сахнадағы іс- əрекетті үйлестіреді немесе онымен қарама-қайшылықта (контраст) болады. Музыка қойылымнан тыс (увертюра – кіріспе, антракт – үзіліс кезінде) немесе қойылым ішінде болады. Драмалық спектакль үшін композитор арнайы музыка жазады, кейде спектакльге музыкалық үзінділер бұрыннан бар туындылардан таңдалып, құрастырылады.
Əлемге əйгілі композиторлар – Людвиг ван Бетховеннің «Эгмонт» (И.Гёте) трагедиясына, Ф.Мендельсонның «Жазғы түнгі түс» (У.Шекспир) комедиясына, А.Хачатурянның «Маскарад» (М.Лермонтов) драмасы- на жазған музыкасы классикалық үлгіге айналды.
Қазақ драма театры спектакльдеріне Ахмет Жұбанов, Латиф Ха- миди, Мұқан Төлебаев, Еркеғали Рахмадиев, Сыдық Мұхамеджанов, Ғазиза Жұбанова, Нұрғиса Тілендиев, Сейдолла Бəйтереков, Бейбіт Дəлденбаев, Ақтоты Райымқұлова, т.б. композиторлар музыка жазды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *