МУЗЫКА ЖƏНЕ ПОЭЗИЯ
Сабақта:
1. Батыс Еуропа, орыс композиторларының романстарымен та- нысамыз;
2. Романс жазған композиторлар туралы білеміз;
3. М.Төлебаевтың «Кестелі орамал» романсын үйренеміз.
– Қалай ойлайсың, музыка мен əдебиет арасында байланыс бар ма?
– Музыка мен əдебиеттің көркемдік құралдарын салыстыр.
Музыка жəне поэзияның байланысы туралы айтқанда романс жəне əн жанрлары еске түседі.
«Романс» термині, ортағасырлық Испанияда пайда болған, алғашқыда испан тілінде (роман тілінде) «əн» деген сөзді білдірген. Испанша – Romance. Романс музыкасының əннен айырмашылығы – көңіл күйге көп назар аударылады. Романстың мəні – сүйемелдеуде емес, өлең мен əуеннің мазмұнында болады.
Əдетте, романс камералық музыка болып саналады (бір аспаптың сүйемелдеуінде, көбінесе фортепианомен орындалады). Романстың өлеңінің өзі əуенді, сазды, нəзік, əсерлі немесе трагедиялық болып келеді. Көптеген еуропалық композиторлар – романстардың авторлары: Ф.Шуберт, Р.Шуман, И.Брамс, Ж.Массне, Ш.Гуно жəне т.б. Орыс романсы жанр ретінде XIX ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты, бұл əлемдік (сонымен қатар орыс əдебиетінде де) романтизмнің дамуымен тұспа-тұс келді. А.Алябьев, А.Варламов, А.Гурилёв, М.Глинка сынды композитор- лар орыс романсының қалыптасуында маңызды рөл атқарды.
Глинка 20-дан астам романс пен əн жазды, олардың барлығы дерлік əйгілі болды, бірақ олардың арасында ең танымалы – «Я помню чуд- ное мгновенье» романсы. А.Даргомыжский, П.Чайковский, Н.Римский- Корсаков, П.Булахов, С.Рахманинов сынды композиторлар – XIX ға- сырдағы романс музыкаларының авторлары.