МУЗЫКА ЖƏНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

МУЗЫКА ЖƏНЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

 

 

 

 

 

 

Сабақта:
1. Қазақ оюы заңдылықтарының дүниетанымдық негіздерімен танысамыз;
2. Қазақтың дəстүрлі ою түрлері жайында мағлұмат аламыз;
3. Қазақ оюының музыкамен байланысы жайында дерек аламыз;
4. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береміз.

Табиғатпен сырласа да үндесе өмір сүрген ата-бабаларымыз өз дүниетаным пəлсапасын өнер арқылы шебер жеткізгені аян. Сонау ескі замандағы қолөнер бұйымдарының оюы кітап қызметін атқарып, оның бейнелері əлемдік тəртіпті айқындауда таптырмас тəрбие құралы бол- ды. Осы құралдың басты заңдылығы – адам қоршаған Табиғат ананы аялауы керек, Ғарыш заңдылықтарын терең түсінуі қажет. Ғарыш құрылымы туралы біздің заманымызға ежелгі дəуірден жеткен аңыздар бар.

 

 


74 74


«Ертеде бүкіл əлемді су басқан заманда Жердің кіндігінде Əлемдік тау (Ұлытау), ал оның ұшар басында Бəйтерек жайқалып өсіпті. Үш əлемнің арасын байланыстырған Бəйтеректің жапырағында Самұрық құс ұя соғып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен əлемді түнек басса, құс тағы да жұмыртқа салып, қайтадан əлемді тіршілік жайлайды. Аспанды тіреп тұрған Бəйтеректің төбесі жоғарғы əлем – құдайлар мекені болып, Темірқазық жұлдызына жететін. Оның жапырағында құс бейнесіндегі аруақтар отырады. Ортаңғы əлемде адамдар, ал Жерді тамырымен тіреп тұрған Төменгі əлемде зұлым күштер өмір сүрген. Ағаштың етегінен əртүрлі өзендер бастау алған екен».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *