МЕН ҚАЗАҚПЫН
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Руым көп солардың аттарындай, Мінезім бар таулардың қатпарындай. Жырым бар бабалар хаттарындай, Əжімім бар бейнеттің таптарындай.
Қашан қазақ атандым мен азандап? – Əлі күнге дейін білмейсің, ей, адамзат. Есіміме береді бала жасын Құлпытасты шұқыған кей азамат.
«Ару – жолда, мал – терде, бала – белде», Уайым түбі теңіз ғой, бара берме, ооооо Жігер керек, жыр керек, жалау керек, Қайрат күйі боп төгіл қаралы елге, ооооо. Па, шіркін!
Қайырмасы:
Бұл кім десең? Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген. Көк байрақ туым бар, елім бар, жерім бар, оооооо.
Бұл кім десең? Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген. Көк байрақ туым бар, елім бар, жерім бар, оооооо.
Па, шіркін! Япырмай!!!
1. Əннің сөзіне көңіл бөл.
2. Сенің ойыңша «қазақ», «исі қазақ» ұғымдары осы əнде қалай көрсетілген?
3. Бұл əн поп музыканың қандай бағытына жатады?