КИНО ЖƏНЕ МУЗЫКА
Қазақ мультфильмдерінің музыкасы
Сабақта:
1. Қазақстанның мультфильмдерінің музыкасымен танысамыз;
2. Осы бағытта жұмыс істеген композиторлардың шығармашылығын танимыз;
3. Қазақ мультфильмдерінің даму кезеңдеріне шолу жасаймыз;
4. Мультипликация терминдерімен танысамыз;
5. Мультфильмдерге жазылған шығармалардан үзінді тыңдаймыз.
Мультфильмдерде орындалатын музыканы анимациялық музыка деп атайды. Ол латынша anime, яғни «жан» деген мағынаны білдіреді. Суретке жан бітіріп, əртүрлі кейіпкерлердің мінездемесін сөзсіз музыкалық құралдармен жеткізу – анимациялық музыканың міндеті. Демек, анимациялық фильмдердегі саз өнерінің маңызы зор.
Қазақ анимациясының тарихы 1967 жылы режиссер Əмен Хай- даровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмінен басталды. Бұл картина қазақ анимациясының осы кезеңдегі (1967–1991) көркем тəсілдерінің негізін қалады. Оған музыка жазған атақты күйші, дири- жер Нұрғиса Тілендиев ұлттық нақыштағы музыканы басынан аяғына дейін қолданды. Егемендік алғанға дейінгі анимациялық фильмдердің қалыптасу жəне даму тарихын аңыздар мен ертегілер, жырлар желісі- мен түсірілген фильмдер құрады. Олардың қатарында «Ақсақ құлан» (Режиссёр – Ə.Хайдаров, композитор – Н.Тілендиев. «Қазақфильм», 1968) мультфильмін ерекше атаған жөн. Кейін пайда болған күнделікті өмір тұрмысы жайында жəне сатиралық мазмұндағы мультфильмдер
«Ұл бала мен жын» (композитор – Н.Тілендиев. «Қазақфильм», 1974),
«Жынның ғарышта басынан кешкендері» (композитор – А.Луначарский.
«Қазақфильм», 1974) халық ертегілерінің əсемдік пен үйлесімділікті паш еткен ертегілік əлеміне қарама-қарсы қойылды. Осы кеңестік фильмдердің шыңы – шығыстық анекдот пен əфсаналардың кейіпкері Қожанасыр «Қожанасыр – құрылысшы» (композитор – Н.Маңғытаев.
«Қазақфильм», 1967) фильмінде көрініс тапты. Қожанасыр азиялық, еуропалық жəне қытайлықтардың кеңесін тыңдап, тұруға мүлдем жарамсыз күрке салады. Ең соңында Қожанасырдың салған жаңа, Кеңес одағының типтік көп қабатты үйі ғана əртүрлі ұлт өкілдерінің бақытты өмір сүруіне мүмкіндік туғызады. Мұндай идеологиялық мағынадағы фильмдер ХХ ғасырдың 70–80-жылдарына тəн болды. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан», «Байлық пен даналық» (ком- позитор – Н.Тілендиев. «Қазақфильм», 1977) фильмдеріндегі үздіксіз орындалатын музыканы, əдетте, Н.Тілендиевтің жетекшілігіндегі ұлт аспаптар оркестрі орындайтын еді.
«Ақсақ құлан» фильмінде домбыра толыққанды басты кейіпкердің қызметін атқарады. Керісінше, симфониялық оркестрдің аспаптары
қазақ мультфильмдерінде жағымсыз ке- йіпкерлер атынан немесе қайғылы, дра- матизмге толы сəттерде қолданылды. Бұл мультфильмдердегі жеке дауысты дом- быра – бейбітшілік, мейірімділік жəне басты кейіпкерлерді сипаттайтын қуатты құрал еді.
Мысалы, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» фильмінен бастап домбыра басты жағымды кейіпкер – Қарлығашты сомдауға қатысса, ал оған қарсы қатігез – Маса – еуропалық скрипка дауысымен бейнеле- неді. Осы кезеңнің анимациялық фильмдеріне музыка шығарған саз- герлердің қатарында Нұрғиса Тілендиевтен басқа, Кеңес Дүйсекеев, Əсет Бейсеуов, Балнұр Қыдырбек, Ермек Өміровті атауға болады.
ХХ ғасырдың 90-жылдарының басында экономикалық жəне саяси себептерге байланысты болған аздаған тоқырау кезеңінен соң, фольклорлық уақиға желісімен түсірілген фильмдер («Түйе бойына сеніп, қапы қалыпты» (1993), «Ай мен тігінші» (1993) халық ертегілерін толық баяндағандықтан, анимацияның бастапқы даму кезеңіне қайтып оралумен ерекшеленді. Бұл фильмдердегі музыка да кеңестік мультфильмдердің үрдісін ұстанды.
2000 жыл Қазақстан анимациялық өнерінің жаңа даму деңгейін анықтады. Осы кезең картиналары қиял ғажайып жəне жыр дəстүрі- мен байланысты шығарылған. Олардың қатарында «Алпамыс батыр» (2007), 2010 жылы «Бөгенбай батыр», «Қамбар батыр», «Қанатты барыс», 2010–2014 жылдар аралығында түсірілген «Ер Төстік» мультсериалдары, «Azia-animation» студиясы түсірген «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек» мультфильмдері болды. 2010 жылы 3D-анимация техникасымен түсірілген тұңғыш кассалық фильм «Ер Төстік» те ертегілік жыр үлгісімен түсірілді. Бұл жаңғырған ұлттық сананың көрсеткіші еді. Анимациялық фильмдердегі музыка кеңестік дəуірдің тəсілдерімен бірге, ұлттық дəстүрге де ерекше ден қойды. Мысалы, бас- ты кейіпкердің белгісі домбыра болса, симфониялық оркестр аспаптары жағымсыз кейіпкерлер мен драмалық жағдайларды, қазақтың ұлт аспаптары бейбітшілік пен байтақ дала картиналарын бейнеледі. Десек те, ұлт аспаптарының қолданылу аясы едəуір кеңейе түсті. Мəселен, қобыз таңғажайып, тылсым күштермен байланыс тұрғысынан тəржімаланды. Бұл əдіс 90-жылдардағы кеңестік дəуірдің мульт- фильмдеріне тəн еді («Үш шебер» фильмінде ағаштан қызды тірілтіп жонып алған үш шебердің дауысы, ал «Түйе бойына сеніп қапы қалып- ты» мультфильмінде қобыз дауысы Əлемдік тауда жиналған аңдарға Тəңірі үкімінің дыбыс бояуы). Жырдың дəстүрлі мақамы қолданылған
«Мұңлық – Зарлық» (Режиссёр – Б.Дəуренбеков, композиторлар – А.Дүйсен, Р.Шынықұлов. «Сак-киностудия», 2010) мультфильмінің кіріспесіндегі қобыздың зары абыз баяндаған жырдың уақыт өлшемін нанымды жеткізеді. Музыка мен бейнелік қатар бірін-бірі толықтырып, көне қобыз дауысымен үйлесім тапқан шығыстық қолжазбалар мен гравюралар көріністері ежелгі заманның бояуын кіргізеді. «Құйыршық» мультфильміндегі (режиссёр – К.Қасымов, композитор – Т.Қышқашбаев.
«Қазақфильм», 2003–2004) шал қолындағы қозыдан қалған құйыршық- ты кемпірге көрсету сəтіндегі қобыз сазы абыздың сарнатқан сарынын- дағы өмір мен өлім арпалысын жеткізеді. Осы кездегі анимациялық фильмдерде қобыз сарыны сирек қолданылады, бұл қобыздың дəстүр- дегі ерекше қасиетті аспап ретіндегі мəнін айрықшалайды.
Техникалық өркениеттің белгісі ретінде заманауи мультфильм- дерде синтезатор дауысы жиі қолданылады.
Бірқатар мультфильмдерде синтезатор – табиғаттан тысқары таңғажайып сиқырлы күшті көрсету мақсатында қолданылады («Құйыршық», «Алпамыс», «Сиқырлы тас»). Мəселен, «Құйыршық» мультфильміндегі Құйыршықтың дүниеге келуі сыңғырлаған электронды дыбыстармен мінезделеді. «Алпамыс» фильміндегі Алпамыс пен Мыстанның қайшылығы жеке дауысты домбыра мен электронды музыканың қайырымдылық пен зұлымдықтың тойтарысын бейнелейді. Ертегідегі қарама-қайшы күштердің арпалысы заманауи Қазақстан мультипликациясында халық əні мен эстрадалық музыканың («Алдар- көсе мен шайтандар», «Жебе», 2004 ж.), халық күйлерінің рок өңде- месі арқылы көрсетіледі («Алдар көсе мен шайтандар» мультфильмін- дегі жекпе-жекте Дəулеткерейдің «Көроғлы» күйі рок стилінде ойна- лады), бұл атақты «Матрица» фантастикалық фильмінің көріністеріне жақын. Соңғы кезең мультфильмдеріне Нұрлан Еспанов, Арман Дүй-
сенов сынды композиторлар атсалысқан.
1. «Ақсақ құлан» немесе «Қанатты барыс» мультфильм- дерінен үзінді көру.
2. Альбинони «Адажио» (Режиссер – Гарри Бардин) мульт- фильмінен саундтрек тыңдау.
3. Бұл мультфильмнің тəлім-тəрбиелік мағынасы неде? Жеткізер басты идеясы не?