ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МУЗЫКА
Сабақта:
1. Интеллектуалды музыка бағыттарымен танысамыз;
2. Заманауи музыканың ерекшеліктерімен танысамыз;
3. Интеллектуалды музыка терминдерін біле аламыз;
4. Заманауи техникада жазылған шығармалардан үзінді тыңдаймыз;
5. Қазақтың «Арман-ай» əнін үйренеміз.
Ақыл-ойға сүйеніп, рационалды əдіспен шығарылған музыка көне заманнан бастау алады. Энциклопедист ғұлама ғалым Əбу Наср əл- Фараби музыканы математиканың əдістерімен зерттеген болатын. Ал Еуропаның атақты композиторы И.С.Бах «фуга» атты көп дауысты шығарманы ақыл-оймен пішіп, əр дауыстың жүргізілуін ережеге бағына жазды. ХХ ғасырда компьютер тарала бастаған соң, музыканың мүмкіндіктері арта түсті. Қазіргі таңда компьютерлік музыкадан басқа, электронды музыка, заманауи музыканың көптеген бағыттары пайда болды. Сонымен бірге алуан түрлі қазіргі заманғы композиторлық техникалар қолданылып келеді. Əсіресе, Электронды музыканың қазіргі таңда əртүрлі бағыттары өріс алды. Транс – адамды өмірде жоқ бейқам көңіл күйге бөлейді. Хаус – бұл электронды музыка түрі өте қарапайым би ырғақтарының қайталануынан құралған əуенге негізделеді. Техно – табиғатта кездеспейтін, машина дыбысына ұқсас синтетикалы дыбысты əуеннің бірнеше рет қайталануынан құралатын электронды музыка түрі. Драм-н-басс (джангл) – өзгермелі ырғақ пен жылдамдық маңызды рөл атқаратын электронды музыка стилі. Индастриал электронды музыкасында механикалық дыбыстар эстетикасы жатыр. Нью-эйдж – электронды музыкасының басты міндеті – адамды рақатқа бөлей отырып (релаксация), жағымды сезімдерді ояту, ол əсіресе стреске қарсы жəне йога сабақтарында көмектеседі. Заманауи композитор- лар əртүрлі техникаларды да пайдаланады.