ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МУЗЫКА

ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ МУЗЫКА
Сабақта:
1. Интеллектуалды музыкамен танысамыз;
2. Абай Құнанбайұлының жəне Дəулеткерей Шығайұлының шы- ғармашылығы туралы білеміз;
3. Абай əндерін айтып үйренеміз;
4. Дəулеткерей күйлерін тыңдаймыз;
5. Тыңдалған əндер мен күйлерге талдаулар жасаймыз.

«Интеллектуалды музыка» деп күрделі құрылымды, терең мағыналы, ойлы шығармаларды айтуға болады. Мұндай туындылар орындаушы- дан асқан шеберлікті жəне тыңдаушыдан да мол түсінікті қажет етеді. Əр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан музыкасы жəне оны тыңдап бағалай алатын тыңдаушылары бар. Қазақтың əн-күйлерінің ішінде философиялық терең ойға құрылған кемел туындылар баршылық. Оларды тыңдап, түсіну үшін арнайы дайындық керек, сонымен қатар тыңдарманның ой-өрісі, сана-сезімі жоғары деңгейде болуы тиіс. Мыса- лы, Абайдың əндері мен Дəулеткерейдің күйлерін осындай шығар- малардың қатарына жатқызуға болады.
Қазақ халқының мəдени, рухани əлемінде Абай Құнанбайұлының алатын орны ерекше. Абай – қазақ əдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын. Ол қазақ- тың жаңа реалистік əдебиетінің негізін салушы. Абай Құнанбайұлы 1845 жылы бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Бір басына сан қырлы өнер қонған Абай – қазақтың музыка тілін абайлық стильмен байытқан, көптеген əндер тудырған жаңашыл композитор. Абай ақындығымен бірге му-

Абай Құнанбайұлы (1845–1904)

зыка саласында мол мұра қалдырып, қазақ музыка өнерін дамытты. Абайдың домбыра шерткендігі бізге белгілі, үш ішекті домбырасы ақын мұражайында сақталған. Абай- дың «Сегіз аяқ», «Қор болды жаным», «Айттым сəлем, қаламқас»,
«Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Көзімнің қарасы», «Татьянаның əні» т.б. əндері белгілі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *