ЖИДЕБАЙ ТҮНІ
Əнін жазған – А.Тоқсанбаев Өлеңін жазған – С.Тұрғынбекұлы
Жүрегі жас, жаны бай, Жастар тойлап келеді. Желсіз түнде жарық ай Тас төбеден төнеді.
Кең дүние керемет, Көңіл күйін тасады. Айдың нұры себелеп, Жанға шуақ шашады.
Самал сипап гүлін де, Той думанын қыздырып. Жидебайдың түніне
Əн шырқайды қыз жігіт. Бір біріне күлімдейді, Жеткендей ақ арманға.