Джаз

Джаз – кəсіби музыка өнерінің бір түрі. ХХ ғасырдың басында пайда болды. Джаз музыкасының түп негізі бірнеше ғасыр бойы құлдықта бол-

 


57 57

ған афроамерикалықтардың тұрмыс-салт билерімен, еңбек əнде- рімен, діни спиричуэлс əндерімен жəне блюздарымен астасып жатыр.
Джаз музыкасының негізгі элементтері – полиритмика, негізгі əуен- нің (мотив) сан рет қайталануы, вокалдық ерекше мəнерлілігі, өрнек- тілік. Оның алғашқы орталығы – АҚШ-тағы Нью-Орлеан қаласы. Мұнда үрмелі аспапта орындаушылық өнердің өзгеше мəнері қалыптасты.
30- жылдары джаз орталығы Чикаго қаласына ауысты. Сол кезеңнің орындаушылары арасында Луи Армстронгты атап өту керек. Осы жылдары джаз музыкасында свинг стилі пайда болды. Шағын ансамбль- дер кеңінен тарап, камералық джаз жанры дамыды.
1940 жылы би-боп атты джаздың жаңа стильдік тармағы пайда бол- ды. Ол өте жылдам əуенімен, ұзақ импровизациясымен, күрделі ырғақ- пен анықталды. Осы уақыттың орындаушылары арасында Чарли Пар- кер жəне Диззи Гиллеспиді атауға болады.
Көрнекті музыканттар джазда классикалық жəне қазіргі заман му- зыкасының элементтерін пайдалана отырып, халықтық негіз бен дəс- түрдің байланысын сақтауға ұмтылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *