ДЕДІМАЙ-АУ
Халық əні
1. Айналайын, ақ жүзің, айдан аппақ, Сендей жарды ер жігіт қайдан таппақ, Дедімай-ау.
Көрген адам қасыңнан кете алмайды, Мұз үстінде жүргендей тайғанақтап, Дедімай-ау.
Қайырмасы:
Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау, Өтіп дəурен бара жатыр, Сіз бен бізге білінбей-ау.
2. Құлағыңа таққаның күміс сырға, Күмбірлетіп шығасың күнде қырға, Дедімай-ау.
Сағыныштан сарғайып шыдам таппай, Мен өзіңді қосамын əн мен жырға, Дедімай-ау.
Қайырмасы
Алма ағаштың гүліндей-ау, Текеметтің түріндей-ау, Өтіп дəурен бара жатыр, Сіз бен бізге білінбей-ау.