ДАСТАРҚАН
Əнін жазған – К.Дүйсекеев
Өлеңін жазған – А.Нысаналин
Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық.
Ас ұсынып, бас тартқан, Жайылып тұр дастарқан.
Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Жақсы келсе – құт болар, Жаман келсе – жұт болар. Жолаушымыз біз деген Асыл мұрат іздеген.
Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!
Айналайын ағайын, Үміт отын жағайын.
Уайым-қайғы жоқ болсын, Қуанышың көп болсын.
Дастарқан-ау, дастарқан, Берекелі дастарқан, Мерекелі дастарқан,
Ей-ей-ей!