АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ – естіп, қабыл- данатын тілдік құралдар арқылы вер- балдық (сөздік) тілдесу. А.с.-ге тән сипат – сөйленген хабарламалардың жекелеген құрамдастары бірінен соң бірі туындайды және қабылданады. А.с-дің туындау процестері бағдар- лану, бір мезгілде жоспарлану (бағдар- ламалану), сөйленіп жүзеге асу және бақылау буындарын қамтиды; бұл орайда, жоспарлау өз кезегінде қатар- лас екі арна бойымен жүзеге асады да,ауызекі сөйлеудің мазмұндық және мо- торлық-артикуляциялық жақтарына қатысты болады.