АУТИЗМ

АУТИЗМ (грек. аиtо қаз. өзім) – психологиялық шектелудің ең соңғы түрі және күйі. А. индивидтің қорша- ған ортамен байланыс-қатынастар- дан шеттелуінен, «кетуінен», «қашуы- нан» және өз күйзелістерінің тұйық әлеміне енуден көрініс табады. Бұл термин субъекттің өз ойлауын ырық- ты реттеу мүмкіншілігінің төменде- уін, өзін шектейтін тақырыптар ая- сындағы ойлардан кете алмауды, кез келген байланыстардан қашуды, бір- лескен іс-әрекетке қажеттіліктің бол- мауын білдіру мақсатында ғылымға енгізілді. Нормада А. тұлғаның көбінесе өз ішкі әлем суретіне және оқи- ғаларды бағалаудың ішкі критерий- леріне бағдарланумен байланысты болатын жеке-дара ерекшеліктерді сипаттау үшін қолданылады (Эго- центризмді қараңыз). Бұл ерекшелік- тер индивидтің айналадағыларды интуитивтік түрде түсіне білу, олар- дың рөлін ойнай білу, біреудің пози- циясында тұру қабілеттілігінің бол- мауын бейнелейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *