АТРИБУЦИЯ – қабылдау өрісінде жоқ сипаттамаларды әлеуметтік объектілерге (адамға, топқа, әлеумет- тік қауымға) балаудың әлеуметтік- психологиялық механизмі. А. қажеттілігі субъекттің әлеуметтік ортамен адекватты өзара әрекеттесуіне бақы- лау арқылы алатын мәліметі жеткілік- сіз болған кезде, оны «толықтыру» қажеттілігімен сипатталады. А. – ті- келей қабылданатын ақпаратты «то- лықтырудың» негізгі амалы. А. зерт- теуге ең алғаш Ф.Хайдер (1958) жұ- мысы бастау болды. 1970 жылдардың соңына қарай А. аттитюдтармен қа- тар, әлеуметтік-психологиялық зерт- теулердің басым объектілеріне айнал- ды. Ең алғашында ол каузальдық А-ға баланып, тұлғааралық қабылдаудың шегінде шоғырланып, адамзаттық мі- нез-құлықтың себептерін шығару ре- тінде түсіндірді.
Кейіннен А. ұғымы кең мағынада қолданыла бастады. Ол тек мінез-құ- лық себептерін ғана анықтамай, әлеу- меттік сипаттамаларды кең көлемде түсіндіруге қолданылды. А. тек тұл- ғаның ғана емес, сонымен қатар, бас- қа да әлеуметтік объектілердің де си- паттамаларын білдірді. Ол қабыл- данатын объектілерді мағыналық жү- йеде қарастыруға мүмкіндік берді. Кеңестік психологияда А. 1970 жыл- дардың соңына қарай көптеген әлеу- меттік құбылыстардың механизмі ре- тінде анықталды. Оның топаралық өзара әрекеттестіктер мен отбасылық қатынастарды реттеу, өндірістік жә- не т.б. шиеленістердің тууындағы рөлі көрсетіледі. А.(Каузальды) – құ- былысқа, адамға немесе бір тікелей қабылдауға әсері болмайтын қасиетті тіркеу. А. – тұлғааралық қатынастар жағдайында кісінің басқа адамдар- дың мінез-құлық себептері мен мотив- терін түсінуі.
Оны зерттеу мына жағдайларға не- гізделеді:
- адамдар бірін-бірі тану кезінде ті- келей қабылдау процесімен ғана шек- телмей, олардың мінез-құлқының себептері жөнінде өздігінше тұжырым жасап, талдайды;
- адам жөнінде бақылау негізінде алынатын ақпарат сенімді қорытын- ды жасауға жеткіліксіз болатындық- тан, бақылаушы мүмкін болатын мі- нез-құлық себептері мен тұлғалық қа- сиеттерді соған жатқызады;
- мұндай себептік талдау бақылау- шының мінез-құлқына әсер етеді. А-ны зерттеумен бұрын тек қана әлеумет- тік психология ғана айналысқан бол- са, қазіргі кезде оны жалпы психология да, педагогикалық психология да, жас- тық психология да, спорт психология- сы да өздігінше зерттейді. А. негізін салған Ф.Хайдер. Ол бұл мәселенің негізгі категориялары мен қағидала- рын жасап шығарды.
А. эксперименттік зерттеудің маңыз- ды нәтижелері мен қорытындылары мыналарды анықтады:
- адамның өз мінез-құлқы мен басқа адамдардың мінез-құлқын түсіндіру- дегі айырмашылықтардың болуы;
- А. процесінің субъективтік – мо- тивациялық және ақпараттық – фак- торлардың әсерінен логикалық норма- лардан ауытқуы;
- А. адамның мотивациясы мен іс- әрекетіне ынталандырушы әсер етуі. Ол бұл іс-әрекеттің сәтсіз нәтижеле- рін сыртқы факторлардан көруі, ал сәтті нәтижелерін – ішкі факторлар- дан көруі. Осындай эксперименттік зерттеулердің нәтижесінде анықтал- ған заңдылықтардың негізінде адам- ның эмоциялары, бағдарлары, мотива- циясы мен іс-әрекет тиімділігіне әсер ету мақсатымен, А. пайдаланудың тәсілдері құрастырылды. Отандық пси- хологияда бұл мәселенің әлеумет- тік құрастырылуы іс-әрекет процесі- нің А. жанамаланатыны жөніндегі әдіснамалық принципі негізінде жү- зеге асырылуда. А. топ мүшелерінің бірлескен іс-әрекеттегі сәттілік пен сәт- сіздіктер үшін өз жеке жауапкершілі- гін мойнына арту мен қабылдау құбы- лысы ретінде де зерттеледі. Осылайша, жоғары дамыған топтарда, ұжымдар- да – бұл іс-әрекет нәтижесінде ұжым мүшелерінің іс-әрекетін ескеруге тиіс.