АТАҚҚҰМАРЛЫҚ – адам мінезін- дегі мансапқа, даңққа қызығушы- лық, өркөкіректік пен өзімшілдік қа- сиет. А. адамның өмірі мен тіршілі- гінде, күнделікті қарым-қатынасында мансап құмарлық деп те атала береді. Ол адамның бойындағы іскерлігімен, білімімен, қабілетімен санаспай, қа- лайда басшы қызметке қол жеткізуді мақсат тұтады. Әкімдік арқылы жо- ғары дәрежеге көтерілуді көздейді. А. – қызметі мен беделі жоғары адамдар арасында өзін өзгелерден ерекше көр- сету үшін болып отыратын жағым- паздық қылықтар. Көңіліне ұнамаған адамдар жайында өтірік-өсек әңгіме тарату арқылы күншілдігі мен қызған- шақтығын әрдайым білдіріп отыра- ды. Ондай адамның сөзіне ергендер опық жеп, артынан қателескенін аң- ғарады. Баянсыз болған ісіне өкінеді. А. – адам мінезіндегі жағымсыз сипат.