АТАМЕКЕН

АТАМЕКЕН


Əнін жазған – Ж.Тұяқбаев Өлеңін жазған – Ш.Сариев

Кең далам! Толғанайын, толғайын, Домбырам! Қолға алайын, жырлайын, Қазағымның даласындай!
Көзімнің қарасындай, Айналдым сені-ай, атамекен-ай! Теңіздей тебірендім, тербедің, Сапарда сағынышым сен менің, Дүние-ай сырларындай, Мөлдіреп тұнғанындай, Сағындым сені-ай, атамекен-ай! Сағыныш мұңдарындай, Айналдым сені-ай, атамекен-ай! Армандаған күндер-ай!
Жұлдыз аққан түндер-ай! Өзің куə өмірде,
Кімдер өтті, кімдер-ай, Атамекен-ай!
Ғажап-ау, Атамекен ғаламат, Бір саған тағдырымыз аманат,
Қымбатты даламыздай, сымбатты анамыздай, Айналдым сені-ай, атамекен-ай!
Арымдай – тірегімдей, Айналдым сені-ай, атамекен-ай!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *