АССОЦИАЦИЯ

АССОЦИАЦИЯ (лат. associatio – қаз. қосылыс) 1) неғұрлым жалпы мағынада – екі (одан да көп) элемент- тердің арасындағы анықталған кез келген функциялық байланыс; 2) би- хевиоризмдегі үйрену теориясында стимулдар (S) мен реакциялар (R) арасындағы байланыстар немесе бірі- гу. Бихевиористер сол байланыстың табиғатын ұғуға тырысты; 3) қайсыбір стимул немесе оқиға әсерінен алын- ған нақты психологиялық тәжірибе: мысалы, «ауыл» деген сөзді естіген- де, бірнеше ассоциация пайда болады;

4) статистикада – бір айнымалыдағы өзгеріс дәрежесінің екінші айныма- лыдағы өзгерістерге байланысты бо- луы; 5) психологияда – сыртқы және ішкі тітіркендіргіштердің әсер етуі- нен туатын адамның психикалық про- цестері мен қимыл-әрекеттерінің бай- ланысы.

А. адамның бұрынғы тәжірибесі не- гізінде пайда болып, заттар мен құбы- лыстардың кеңістіктік-уақыттық қа- тынастары (кеңістік пен уақыт ішінде- гі іргелестік ассоциациясы, мысалы, көктем мен жасыл шөптің шығуы) олардың ұқсастығын (ұқсастық ас- социациясы, мыс., жапырақ сыбдыры мен сыбырласу) немесе қарама-қар- сылығын (күн мен түн, кәрілік пен жастық) бейнелеуі мүмкін. Объектілер арасындағы анағұрлым күрделі, мы- салы, себептер мен салдар арасында- ғы байланысты білдіретін ассоциа- ция болады. Физиологиялық тұрғыдан қарағанда, А. екі немесе бірнеше ті- тіркендіргіштің бір мезгілде немесе бірінен соң бірінің әсер етуінен туатын уақытша процесінде үлкен орын алады. Білім алу – адамның бұрынғы тәжіри- бесі мен жаңадан игерген түсініктері, ұғымдары арасындағы байланыс (ас- социация) жасау процесі екені  мәлім;

6) бір психикалық құбылыстың (қабыл- дау, елестету) жаңғыруы екіншісінің пайда болуын ілестіретін олардың ара- сындағы байланыс.

А. туралы ұғым ежелгі дүниенің фи- лософиялық ілімдерінде қалыптасқан. Психологиялық ой А. фактісін жай ғана баяндап қоюдан (мыс., затты қа- былдау оның иесінің бейнесін туды- рады) оны организм ішіндегі про- цестермен түсіндіруге көшті. Бұл – А. ұғымына детерминистік (лат. determi- nare – психикалық құбылыстардың өздерін тудыратын факторларға заң- ды әрі қажетті тәуелділігі) мағына бе- реді: санада бейненің, әдетте, оған шақыртқы болатын сыртқы тітіркен- діргішсіз пайда болуы – денелік процестердің өткендегі тәжірибеде бекіген байланысының есебіне жат- қызылды; бұл процестер, Аристотель- дің айтуынша, олардың араластығы, ұқсастығы немесе кереғарлығы (кон- траст) себепті жақындаса түсіп, берік бірлестіктер түзуі мүмкін.

Жанда үйлестік мүшелерінің бірі пай- да болғанда, ол «автоматты түрде» организмде жасырынған басқалары- на шақыртқы болады. «Идеялар ас- социациясы» терминін, ассоциацияны ақыл-ойға негізделген байланыстар- ға қарсы қойған, Дж.Локк енгізді. А. туралы ұғым ХVIII-ХІХ ғасырлар- дың философиялық жүйелері үшін бас- ты ұғым болды. А-ның физиология- лық негізі – шартты рефлекстер.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *