АРМАН-АЙ
Ойлап тұрсаң, бұл дүние шолақ екен-ай. Бұл адамдар бір-біріне қонақ екен-ай.
Қайырмасы:
Арман-ай, өтеді дүние-ай, жалған-ай.
Қызғалдақтай, құлпырған қайран жастық-ай Қара жерге, қар жаумай солады екен-ай.
Қудым, дүние, өзіңді жалықпай-ақ-ай. Ұстатпайсың, судағы балықтай-ақ-ай.
Халық əні