АҢҚАУЛЫҚ

АҢҚАУЛЫҚ – адам мінезіндегі нан- ғыштық, бейқамдық, қулығы жоқтық қасиет. Мінез-құлқының тұрақты қа- сиеттеріне айналуы, ең алдымен, сол адамның дүниетаным деңгейі мен ақыл- ой өрісіне байланысты. Адамдардың иланғыш, сенгіштігіне байланысты халқымыз адам мінезіндегі аңқаулық- тың әртүрлі сипаттарын «аңқаулану», «аңқаусу», «аңқаю», «аңғал», «аңғал- дық», «аңғырт» дейді. Кейбір адам- дардың аңғалдықтарды әдейі жасай- тындықтарын мінеп-шеней, олар «аң- қау», «аңқаусиды», «аңғырттану», «аң- ғалданды» деген атаулармен анықтал- ған. Адамның иланғыштығы мен бей- қамдығы – аңқаулықтың көрінісі. А. білімсіздіктен туындамайды. Ол мі- нез-құлықтағы аңғырттық қасиет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *