АҒЫНАН ЖАРЫЛУ

АҒЫНАН ЖАРЫЛУ – адамның іш- кі сырын бүкпесіз білдіріп, болмыстың шындығын жасырмай ақтарып салатын мінездегі ұнамды қасиет. А.ж. мінезіндегі ақжарқын жайда- рылықты, адал ниет пен ақпейілді, та- за ой мен әділдікті білдіретін ұнам- ды сипаттар. Мінезі ақжарқын адам өзінің ойы мен мақсат-мүддесін, ба- сынан кешірген оқиғаларын, көңіл күйін жасырмай ашық-жарқын біл- діреді. Маңындағы адамдарды да өзіндей деп санап, оларға ақпейіл- дікпен сенеді. Ақкөңіл адал адамның мінез-құлқын  қастерлеп, халқымыз

«Ақкөңіл адамның аты арымас, тоны тозбас» деген мәтелмен тұжырымдап түсіндірген. Ағынан жарылып сөй- лейтін ашық мінезді жайдары адам айналасындағыларға ақниетімен қа- райды. Оларға ақпейілі мен көңілшек- тігін танытады. Ақниетті адамның жанашыр дос-жарандары да көп бо- лады. Оны үнемі құрметтеп, өзара сыйласымды қатынас жасайды. Халық таза ойлы да, әділ де адал адамды дос санап, оның турашылдығы мен шын- шылдығына қолдау көрсетіп, оны өзгелерге үлгі-өнеге етеді. А.ж., кіші- пейілділік көрсету – адамның жеке басы мен бойындағы ұнамды да жа- ғымды қасиеттері. Ондай қасиеттер адамның кісілік беделін арттырып, халық арасындағы құрметке ие бо- луына жетелейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *