АССОЦИАТИВТІК ПСИХОЛОГИЯ – Батыс ғалымдары (Ньютон мен Локк) ассоциативтік психологияны механикалық және сенсуалистік көз- қарастарға негіздей отырып зерттеген болатын. Ассоциациялық қағидалар- ды қолданудың өрісін көне замандар- дағы Үндістан мен ертедегі грек ғұла- малары да қарастырған. XVIII ғасыр- дағы ассоциация нағыз детерминис- тік сипат алып, дене үрдістерінің жиынтығы атқаратын қызмет аспаппен (мә- шинемен) істелетін әрекеттер сияқ- ты болады деген ойға негізделді. А.п. – психологияның мән-жайын филосо- фиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ас- социациялық принциптерге негіздей- тін бағыттардың жиынтығы.
Психология тарихында ассоциация- ны жалпы категориялық ұғым деңге- йінде тұңғыш рет көтеріп дәріптеген – ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757). Ол психикалық үрдістердің бәрі ас- социацияға сүйенеді деп түсіндірді. Гартлидің «Адамды бақылау» деген еңбегі (1749 ж.) ассоциацияның ке- ңінен тарап, өзекті ілім болып қалып- тасуының бастамасы болды. Бұл ең- бегінде ол көптеген психикалық үр- дістерді жүйке жүйесінің толқуымен ұштастыра баяндап, адамның санасыз әрекеттерін материалистік тұрғыдан түсіндіруге әрекеттенді. Гартли адам- ның саналы әрекетінің жемісі болып табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қа- сиеттерін де анықтады. Оның зерт- теулері – санасыз әрекеттің сырын түсіндіретін алғашқы материалистік тұжырым. ХVІІ-ХІХ ғасырлар ара- лығында рефлекторлық теорияға не- гізделген ассоциациялық бұрынғы тұжырым материалистік тұрғыдан нығая түсті, оның субстраты мен іш- кі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун (1778-1820), Джемс Милль (1778-1830),
Дж.Ст.Милль (1806-1873) сияқты зерт- теушілер қолдады.
Олардың көзқарастары бойынша, біріншіден, психика түйсік пен қара- пайым сезім түрлерінен тұрады; екін- шіден, ассоциация бойынша – бөл- шектер алғашқы да, ал күрделі пси- хикалық құрылымдар – елес, ой, се- зім екінші деп саналады; үшіншіден,ассоциациялар осы екі топтағы пси- хикалық үрдістер арқылы құрылады; төртіншіден, ассоциациялар күнде- лікті тәжірибе арқылы санада жиі қайталанып отыру нәтижесінде бекіді. Ассоциациялардың жасалу барысы биология мен жүйке физиологиясын зерттеу нәтижелерімен анықталады. Г.Гельмгольц (1821-1849) ассоциа- цияның жасалуын сезім мүшелерінің қызметі деп санаса, ал Ч.Дарвин ассо- циацияны эмоция арқылы түсіндірді. Орыс физиологі И.М.Сеченов (1829- 1905) ассоциацияның физиологиялық негізін бас миы рефлексінің қызметімен ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спен- сер (1820-1903) оны психиканың фи- логенездік дамуымен ұштастырып, жалпы психика дамуы мінез-құлық- тың өзгеруіне бейімделеді деді. ХІХ ғ. 80-90 жылдарында Г.Эббингауз (1850-
1909), Г.Мюллер (1850-1934) тәрізді басқа да психологтардың еңбектерін- де ассоциацияның жасалу жолдары түрліше түсіндіріліп, бұл тұжырым одан әрі дамытылды.
Психологияның XIX ғасырдың орта кезіне дейінгі дамуында бұл ғылым- ның дербестік сипаты айқындалып, оны зерттеушілер табиғи ғылыми не- гізге жүгінді, физиологиялық зерттеу әдістерін қолданып, биологиялық үлгі- ге иек артты. А.п. негізінен, Англия- да өрістеп дамыды. Сөйтіп, өз алды- на дербес бағыт ретінде қалыптасты. Бұл бағыттың материалистік те, идеа- листік те ағымдары болды. Мате- риалистік ағым психологиялық құбы- лыстарды зерттеуге детерминизм прин- ципін ендіруді көздеді. Ал XX ға- сырда А.п. механикалық бағытты ұс- танған бихевиоризммен ұштасты. Психологиялық мағынасы белгілі жағдайда екі не бірнеше психикалық құрылымдардың өзара байланысты- лығын білдіреді.