АССОЦИАНИЗМ – психикалық үр- дістердің динамикасын ассоциация принципімен түсіндіретін әлемдік психологиялық бағыттарының негіз- гі түрлерінің бірі. Сырттай көрінбей- тін себептердің негізінде пайда бо- латын кейіптер (бейнелер) ассоциа- цияның жемісі деп алғашқы рет Арис- тотель ассоцианизм постулатын ұсын- ған. Субъекттің санасындағы фено- мендер байланысын ассоциация прин- циптерімен қарастырғандар Дж.Бер- кли және Д.Юм, ал материалистік ас- социация жүйесін жасаған Д.Гартли. Нейрофизиология мен биологияның жетістіктерін А. түсіндіруде пайдаланғандар Г.Гельмгольц, эмоцияны түсін- діруде – Ч.Дарвин, бас миының реф- лексін оқытуда – И.М.Сеченов. ХVIII- ХІХ ғасырларда психикалық құбы- лыстарды түсіндіруде жетекші орын- да болды. XIX ғ. ассоциацияның маңыз- дылығын және қалыптасу жағдайла- рын зерттеген Г.Эббингауз, Г.Мюл- лер т.б. Қазіргі заман психологиясын- да әртүрлі психикалық үрдістердің ерекшеліктерін көрсету мақсатымен ассоциацияларды зерттейді (әсіресе мағыналық ассоциацияның оқытуда- ғы рөлін).