АССИМИЛЯЦИЯ – ұлттың немесе оның бір бөлігінің басқа ұлттың тілін, мәдениетін қабылдауы немесе ұлтсыз- дануы. А. кеңестік ғылыми әдебиетте табиғи және күшпен ассимиляциялау деп екіге бөлінді. А-ның қай түрі де зорлық, өйткені өз еркімен ұлттық қасиеттерінен айырылуға келісетін ұлт жоқ; А. бір халықтың басқа ұлт- тармен тілдерін, мәдениеттерін, ұлт- тық өзіндік саналарын жоғалтқан- дарына байланысты еніп, соның нә- тижесінде ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің трансформацияла- нуынан көрініс береді.