АСАН ҚАЙҒЫ

АСАН ҚАЙҒЫ – ақын, жыраулар- дың ішінде өзінің терең толғаныста- рымен жұртшылыққа кең танылға- ны – Асан қайғы. Оны қазақ даласы- ның ұлы ойшылы, халқымыздың қо- ғамдық саяси, әлеуметтік ой-пікір- лерінің көш бастаушыларының бірі десек артық бола қоймас. Қазақ хал- қының өз алдына дербес ел болу үшін бас құрай бастаған кезеңінде Асан қайғы сынды ойшыл тұлғаның дүние- ге келуі де заңды еді. Зерттеушілер Асан қайғы Алтын орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген, Жәнібек, Ке- рей хандардың айналасында болған дейді. Бір кездегі ғұлама ғалымымыз Ш.Уәлиханов оны көшпенді ноғай – қазақ ұлысының ұлы философы» деген еді. Академик М.Әуезов Асан қайғыны «халық мұңын арман етіп алысты меңзеген… өзі үшін емес, елі, жұрты үшін іздеген Асан ел қамқо- ры» деді.

Қазақ аңыздарында Асан – құтты қоныс, жақсы жайлау іздеп дүние кез- ген жиһангер, халқының сол кездегі хал-ахуалы мен келешегін тебірене сөз еткен жырау. М.Әуезов айтқандай, Асан халық тілегінің жоқшысы. Асан қайғысы о дүниені, ақырет жайын ойлағаннан туған қайғы емес, оның мәні бүкіл қазақ жұртының ортақ мұңымен байланысып жатыр.

Асан қайғы қазақ қоғамының прог- ресі үшін барша жұртты бай, кедей деп бөлмей адамгершілікке баулудың аса қажет екендігін айтады. Ол адам- дардың мінез-құлқының жақсаруын қоғамда қажетті, ең негізгі фактор деп санайды. Адам бірі мен бірі тату, бейбіт өмір сүріп, өз мұқтаждарын толық қанағаттандыру үшін әрекет етуі тиіс, бұл үшін ол өзінің жеке ба- сын үнемі жетілдіріп отыруды ойлас- тыруы қажет. Оның ойынша, адам- ның мінез-құлқы жақсы болуы үшін ол айналасындағыларға аяныш біл- діруі, қамқорлық жасауы тиіс. Адам әрқашанда әділ, қанағатшыл, кіші- пейіл, ұстамды болып, басқаларға нұқ- сан келтірмейтіндей дәрежеде тәр- биеленсін. Өзіне қажетті игіліктерді жасау арқылы ғана адамның қолы бақытқа жетеді, сонда ғана оның ба- сына бақ қонады. Әрине, Асан қайғы адамдардың салт-санасы қоғамдық әлеуметтік зұлымдықтардан туындай- тынын біршама аңғара алғанымен олармен күресудің жолдарын қоғам- ның таптарға бөлінгендігін анық ұға алмады.

Асан қайғы туралы деректердің бар- лығында да оны Жәнібек хандығы тұсында өмір сүрген, сол хандыққа қараған қазақ елінің жоғын жоқтаған ойшыл жырау ретінде көрсетеді. Зерт- теушілердің (Ш.Уәлиханов, Г.Пота- нин, Қ.Халидов, С.Сейфуллин, С.Мұқа- нов, Б.Кенжебаев, М.Бяткин, Ә.Мар- ғұлан, Ә.Тәжібаев, М.Әуезов, М.Фети- сов, X.Сүйіншәлиев, М.Мағауин, т.б.) айтуынша, Асан қайғы толғауларын- да негізінен мемлекеттік, елдік мәсе-лелер, қоғамдық ойлар қозғалып, кең даланың сұлу табиғаты, жер байлы- ғы, жан-жануары, географиялық жағ- дайы, тұрмыс-тіршілігі сөз болады. Асан қайғы толғауларын оқып отыр- ғанымызда, біз оны көбінде хан ай- наласынан көреміз («Ай, хан, мен айт- пасам білмейсің, айтқаныма көн- бейсің… Өзіңнен басқа хан жоқтай, өзеуреп неге сөйлейсің»). Бірақ осы- ған орай, оны ханның шашбауын кө- терген, сарай жырауы деуге болмайды. Ол қашан да ханға жағынбай, жарам- сақтанбай, тура сөйлеген адам сияқ- ты. Осы жайтты оның толғаулары жақсы аңғартады. Біздіңше, Асан қай- ғы барша жұрттың, барлық көшпенді қазақ халқының мұң-зарын білдіру- ші, жоқтаушысы. Оның есіміне жал- ғанған «Қайғы» сөзі халықпен байла- нысының белгісі іспеттес.

Заман құбылысын, қоғам шындығын, байлық пен кедейліктің шығу тегін теңсіздік пен әділетсіздіктің шын сырын ұға алмағанымен де оның на- ғыз гуманист ойшыл-жырау екендігі- не шүбә келтіруге болмайды. Оның адам түгіл құрт-құмырсқа, жан-жа- нуарға дейін жаны ашып, аяушылық білдіруі осы айтқанымызды дәлелдей түссе керек. («Құйрығы жоқ, жалы жоқ құлан қайтып күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтып күн көрер?!»).

Жырау толғауларында адам және оның қасиеттері, өмір сүрудің мақ- саты, тіршіліктің қызығы іспеттес фи- лософиялық мәнді тұжырымдар жиі ұшырайды. Ел үшін еңіреген ерлерді дұрыс тани алмай, кімнің дос, кімнің қас екенін ажырата алмайтын кездері- міз де болады деп тебіренеді жырау («Ауылдағы жамандар, ер қадірін не білсін… Көшсе қона білмеген, қонса көше білмеген, айтқанына көнбеген, жұрт қадірін не білсін!»).

Жырау халқымыздың жас ұрпағын адамгершілік қасиеттерге баулып, олар- ды кішіпейіл, көпшіл болуға, қара- пайым да қайырымды болуға, әрі істі кеңесіп істеуге, асып-саспауға, достың көңілін қалдырмауға, өтірік айтпау- ға, қандай жағдайда да адамға адам- гершілік қасиеттің (кешірімді болу, ерегіспеуі, ұсақ-түйек нәрсеге бола босқа қырқыспау т.б.) ауадай қажет екендігін, мұнсыз өмір сүрудің маз- мұнсыздығын, сайып келгенде, бар- ша жұртты бірлікке, татулыққа көп- шіл болуға шақырып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған жағдайда ғана ауызбірлігі күшті, кез-кел- генге жем болмайтын іргелі ел болаты- нымызды еске салады.Қай заманда да халқымыз терең ой- лап, тебірене сөйлеуге ерекше мән берген. Мұны ұрпақ тәрбиесіндегі не- гізгі мәселе деп ұққан. Бұған Асан қай- ғы да ерекше мән берген сияқты. Жы- рау түсінігінде сөздің де сөзі бар, ай- тылып сол жерде қалатын сөз бар да, ауыздан шыға сала ел аузына ілігіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп сақталып, талай ғасырлар жасайтын сөз бар. Соңғысы мақал-мәтел түрінде кездесе ме, әлде даналық афоризм түрінде кездесе ме, немесе тұтас толғау түрінде кездесе ме, әйтеуір көзделген нысанаға дөп тиіп, жүрекке қозғау салып, іске түрткі болып, адамды белсенді тіршілікке меңзейді. Тек шындық пен әділеттілікті, халықтың мұң-зарын, арман-тілегін білдіре алса ғана сөз құн- ды болады. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасына, көңіл күйіне, жан дүниесіне орайлас сөйлей білу бұл үлкен өнер деп ой тастайды ақылгөй жырау Асан қайғының қайтпас, қажырлы қайраты бәрінен бұрын өзінен кейінгі ұрпақ мүддесіне арналды. Сондықтан да халқымыз Асан қайғы айтты деген аталы сөздерді әркез қастерлеп еске тұтады. Халық даналығының заңды мирасқоры Асан толғауларының тәр- биелік мәні зор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *