АРХЕТИП (грек. arche – қаз. бастау және tipos – пішін, үлгі, алғашқы бейне). Термин швейцария психологі Юнг еңбектерінің ықпалымен қазіргі ба- тыс әдебиетінде қанат жайды. «Ұжым- дық санасыздық» дегеннің бастапқы құрылымын, адамның қайталанып тұратын тұрмыс жағдайларының, міндеттерінің және күйзелістерінің ескірген психологиялық «шемені» де- генді білдіреді. Жеке немесе әлеумет- тік өмірдің проблемалық, дағдарыс- ты жағдайының ықпалымен, Юнгтің пікірі бойынша санасыз қозғалыс болады және тиісті А. жүзеге асырылады. Бұл орайда осы процестің ішкі себептік, ықтиярсыздық, демоникалық сипаты болады. А. аналитикалық психологияның негізгі ұғымдарының бірі. Ұрпақтан-ұрпаққа көшіп оты- ратын бейнелер байланыстарының тә- сілі. А.Юнгтің пікірінше, адам психи- каларының жасырын бейсанасын көр- сететін психиканың құрылымдық эле- менті. А. әр этностың өз өмір салтын сақтап отыруға тиісті құндылықтары- на тәуелді.