АРМАН – қиялдың келешекке ба- ғытталған ерекше бір түрі. Оның негізінде дербес жаңа бейнелер құры- лады, бірақ арман әрдайым болашақ- ты көздейді және адамның аңсаған тілегін білдіреді А-ның екі түрі бар: пайдалысы және зияндысы. А. адам қиялының ерекше бір түрі. А. актив әре- кетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүд- демізге орай бейнелер жасау, игі мақ- сат-мүддемізді іс жүзіне асыруды қиялдау. А. – келешектегі әрекеттерге арналған қиял. А. – шығармашылық қиялға дайындықтың ерекше сатысы. А-ды бағалауда ескеретін жайттар: а) арманның әрекетке қатысы; ә) шын- дықпен жанасуы; б) оның келешек үшін мәні. А. – өз қалауымызша ойда жаңа бейнелер туғызады. Шығармашылық қиялдың ерекшелігі – іс-әрекетпен ті- келей байланыспай келешекке бағыт- талғаны. Оны шығармашылық қиял- дың дайындық сатысы дейді. Адам болашағы үшін күресудің орнына бос лағып, құрғақ қиялға сүңгісе мақ- сатына жете алмайды. Енжар, селсоқ адамның қиялы сүреңсіз келеді, оны көбінде мұң басады. Ол жарқын бо- лашақ үшін күреспейді, тек мойнына су кеткен кісідей мүлгіп отырады да қояды. Қиыны да, қызығы да мол өмір ондайларды қызықтырмайды, бос қиялға салынған кісі өмір ауырт- палықтарын, мұндағы қуаныш, қай- ғы-қасірет дегендерді жөндеп түсін- бейді, тек құрғақ қиялға салынып жүре береді. А. – жастарға қажетті қа- сиет. Олар жарқын болашағына иман- дай сеніп, дұрыс армандай білуі қа- жет. Өйткені, алға қойған мақсатқа же- ту үшін шындыққа орайлас арман- дағанда ғана, ол адамға зор қуат бе- ріп, келешектегі іс-әрекетке талпын- дырады.