АРАМЗАЛЫҚ – адам мінезіндегі қараниеттілік, зұлымдық, бұзықтық- тан туындайды. А. мінездің көрініс- терін сұм, залым, ішмерез деп те атай береді. А. пен өтірікшілік егіз қозы- дай жаман қасиеттер. Халық даналы- ғының «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» дейтін мәтел осыдан қалған. А. арам ниет, арам ой-пікір арқылы көрінеді. А. мінез-құлықтың ұнамсыз, жексұрын сипаты ретінде адамның кісілік қасиеті мен азаматтық тұлға- сын бағасыздандыратын келеңсіз қасиеттер. Құдай тыйым салған қы- лық, іс мағынасында араб тіліндегі
«haram» сөзінен сын есім жұрнағы арқылы жасалған жиренішті мінез- құлық атауы.