АРАЛЫҚ МИ – барлық омыртқалы жануарлар мен адам миының бір бөлігі. Ол алдыңғы ми көпіршіктері- нің артқы бөлігінен дамиды. Аралық ми орта мидың алдында тұрады. Оған: иіс сезу, көру, есту, дәм сезу, те- рі, ет және сіңір рецепторларының импульстер келіп, одан әрі мидың бас- қа бөліктеріне тарайды. Бұл мида ор- ганизмдегі су, тұз, көмірсу, май ал- масуын және дене жылылығын жә- не т.б. бірқатар физиологиялық құ- былыстарды реттеп тұратын веге- тативтік жүйке орталықтары бар.