АНДРОГИНИЯ (лат. andros – қаз. еркектік, gynes – әйелдік) – амери- калық психолог С.Бем енгізген, өз бо- йында ер адамға да, әйел адамға да тән дәстүрлі қасиеттерді қатар үйлес- тірген адамдарды сипаттау үшін алынған түсінік – термин. А. ер адамға да, әйел адамға да тән психоло- гиялық қасиеттерді қатар үйлестіретін индивидтің жыныстық-рөлдік сәйкес- тілігі. Бірнеше онжылдықтар бұрын ата-аналар мен мұғалімдерге балалар- дың мектепке бару кезеңіне қарай өз жынысына тән мінез-құлықты игеру- ге бар күш-жігерлерін салу ұсынылған. Көптеген зерттеулер ер адамдар мен әйелдер арасындағы психологиялық айырмашылықтар жыныс арасында- ғы айырмашылықтан гөрі, ер балалар мен қыздардың отбасылық тәрбиесі, сондай-ақ оларға әлеуметтік ортаның әсер етуі салдарынан пайда болып да- митынын көрсетті. Ер адамдарға (мас- кулиндік) және әйелдерге (феминин- дік) тән қасиеттер өзара тәуелсіз си- паттамаларға ие болып, бірімен бірі түйіспейтін жекелеген екі континиум- дерде ғана орналасуы мүмкін. Феми- нинділік пен маскулинділік деңгейін өлшейтін көптеген тестілер осы прин- ципке негізделген.
Осы тестілердің негізінде әрбір адам өзінің ер немесе әйел екеніне қатыс- сыз мына төрт топтың біріне жатуы мүмкін:
- маскулиндік индивидтер (атаққұ- марлық, табандылық, батылдық тәріз- ді дәстүрлі еркектік қасиеттері айқын танылатын адамдар);
- фемининдік индивидтер (аффек- тивтілік, жұмсақтық секілді әйелге тән қасиеттері басым адам);
- андрогиндер, өз бойында дәстүрлі әйелдік әрі еркектік қасиетті үйлестір- гендер;
- маскулиндік немесе фемининдік бел- гілері көмескі, яғни психологиялық жыныстық сәйкестігі айқындалмаған адамдар.Бұдан байқалатыны: андрогинияның адамның жағдайға байланысты мі- нез-құлқын өзгерте алу қабілетінің пси- хологиялық сипаттамасын айқындау- да маңызы зор екендігі. А. стреске (ти- тықтау) қарсы табандылық таныту- да, тұрмыс-тіршіліктің әртүрлі сала- сында табысқа қол жеткізуге септігін тигізеді. Бұл жағдай әрі қарай психо- логиялық дезадаптация проблемасын болдырмаудан туындаған. Ал қазіргі заманда психологиялық әдебиеттер- де тек маскулиндікке немесе феминдік- ке бір жақты екпін жасау әйелдердің де, еркектердің де эмоциялық және интеллектуалдық дамуын шектей- тіні жөніндегі көзқарастар көптеп таралуда. Психологтардың тұжырым- дауынша, бір адамның өзінде пози- тивті еркектік және әйелдік қасиеттер де бола алады. Еркектер де, әйелдер де бірдей атаққұмар, сенімді, адал, мейірімді, нәзік, сезімтал бола алады. А. әдеттегіден өзгеше болатын тәр- биенің нәтижесінде қалыптасады, яғни егер отбасында ата-аналар А. тұлғаларға тән мінез-құлық моделін көрсетсе, ал екіншісі оны қолдаса, бала олардың осындай ұстанымын және мінез-құлқын меңгеріп алады. А. адамның стреске төзімділігін, мі- нез-құлық икемділігін, өмірдің түрлі аумақтарында сәттілікке жетуді қам- тамасыз етеді. Сондықтан кейінгі кез- дегі жыныстық психологиялық зерт- теулер тек феминдік немесе муску- линдікті қалыптастыру мәселесімен ғана емес, сондай-ақ А. да қалыптас- тырудың әдіс-тәсілдерін іздеу жолында.