АНАЛИТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ – (1913) К.Юнг негізін салған тереңдік психологияның бағыты. Ол психиканың автономды өзіндік рет- телуші жүйе ретіндегі идеалистік тү- сінікке негізделеді. Бұл бағыттың тео- риялық тұжырымы бойынша адам психикасы саналы мен санасыздық- тың өзара компенсациясына негізде- леді. Ал олардың интеграциясы – тұл- ғаның тұтастылығына, оның жеке- даралануына жетудің жолы. А.п. пси- хопатология және психотерапияға, со- нымен қатар, философия, антрополо- гия, мәдениет тарихы, этнология, ми- фологияға ықпал етеді.