АНАЛИЗ – талдау, айыру; талдаусыз топтау жоқ. А. деп ой операциясын, бүтінді (затты немесе құбылысты) бөл- шекке бөлудің әдісін атайды. Талдау ой арқылы әрбір объекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгі- лерін ашып көрсету тәсілі. Талдау нә- тижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттер біріктіру (синтез) деп ата- лады. талдаудың физиологиялық не- гізі – мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу мен тежелудің өзара байланысты қызметі. А. – құбылыстарды жеке бө- ліктерге бөлу процесінен тұратын ойлау әрекетінің бір тәсілі. Талдау сияқ- ты ойлау операциясы танымның не- гізі болып табылады. Адамда А. ұғым- дармен әрекет ету деңгейінде дамы- ды. А. организм мен сыртқы ортаның практикалық және танымдық өзара әрекеттесуінің барлық актілерін енгі- зеді және танымның қажетті дең- гейі болып табылады. Ол ойлау опе- рацияларының негізгісі болып табы- лады. А. синтезбен тығыз байланыс- ты. Ойлау – түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. А. дегеніміз ой арқы- лы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құ- былыстың барлық элементтері бірік- тіріледі. А. бен синтез – бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз бірі бол- майтын құбылыс. Бұл екеуі – бірінен бірі ешқашан ажырамайтын ойлау процесінің негізгі компоненттерінің бірі. А. бен синтездің негізінде салыс- тыру деп аталатын ойлау операция- сы пайда болады.