АНАЛИЗАТОР (талдағыш) – ана- лизатор (грек. апаlуsіs – қаз. бөлшек- теу, жаю) талдама (сыртқы түйсікті мүшелерден бастап, миға дейінгі күр- делі жүйке механизмі; ол дүниедегі сыртқы құбылысты, әсерді қабылдай- ды және талдайды). И.П.Павловтың ұсынған ұғымы. Тітіркендіргіштерге әсерлену мен қабылдауда, өңдеуде қа- тысатын афференттік және эфференттік жүйке құрылымының жиын- тығын білдіреді. Көру, есту, дәм сезу, иіс сезу, тері, қимыл-қозғалыс (кинес- тетикалық) т.с.с. талдағыштар (анали- заторлар) бар А. – организмнің сырт- қы және ішкі ортасынан келетін ті- тіркендіргіштерді талдау және син- тездеу қызметін атқаратын жүйке аппараты. Түйсіктердің физиология- лық негіздері болып табылатын – ол тітіркендіргіштің оған сәйкес анали- заторға (сезім мүшесіне) әсері нәти- жесінде пайда болатын жүйке проце- сі. И.П.Павлов бойынша, анализатор – бұл тітіркендіргіштерді қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттік және эффе- ренттік жүйке жолдарының жиынты- ғы. А. – тітіркендіргіштердің әсері- мен рефлекторлық түрде өзгеріп оты- ратын белсенді мүше, сондықтан түй- сік пассивті емес, ал әрқашан қозға- лыстық компоненттерден тұратын белсенді психикалық процесс болып табылады. А. үш бөлімнен тұрады: Пе- рифериялық бөлім (рецептор) – сырт- қы энергияны жүйке процесіне айнал- дыратын арнайы трансформатор.
Афференттік (орталыққа бағытталған) және эфференттік (орталықтан шыға- тын) жүйке талшықтары немесе өт- кізгіш жолдар; А-дың мидағы қабық- асты және қабықты бөлімдері; бұлар- да перифериялық (шеткі) бөлімдер- ден келетін жүйке импульстарының өңдеуі іске асады. А-дың шеткі бө- лімдерінің белгілі бір жасушаларына ми қыртысы жасушаларының белгілі бір бөлімшелері сәйкес келеді. Осы- лайша, мыс., көз торының әртүрлі нүк- телеріне ми қыртысында кеңістік бо- йынша әртүрлі орналасқан нүктелер сәйкес келеді.