АМНЕЗИЯ

АМНЕЗИЯ (грек. а – болымсыздық жұрнағы және – қаз. жад, есте сақ- тау) мидағы локалдық (бір бөлігі- нің) зақымдалуынан пайда болатын адамның есте сақтау қызметінің бұ- зылуы. А. мидағы тежелу, өшу заңды- лықтарына байланысты немесе ми- дың түрлі локалды зақымдалуынан пайда болатын, бірнеше минуттан кейде бірнеше жылға созылатын ес- тің бұзылуын айтады. Көбінесе мидың зақымдалуына немесе әртүрлі науқас- тыққа, психиканың функцияларының бұзылуына байланысты болады. А. ең ауыр түрлерін ең алғашында Кор- саковский сипаттағандықтан, Корса- ковский синдромы деп аталып кеткен. А. бірнеше түрлері бар: Антиретрог- радтық А. – аурудың басталғанынан кейін немесе жарақат алғаннан кейін болған оқиғаларды есте сақтай ал- мау. Инфантилді А. – өмірдің бастап- қы кезеңдерінде – алты жастан сегіз жасқа дейінгі аралықта болатын А. тү- рі. Истериялық А. – түбірі инфантил- ді А. басталған кейбір невротиктер- де кездесетін А. айрықша түрі. Қорғаныс А. – жағымсыз, жан жарақатын тудырған өткен тәжірибені ұмыту (са- надан ығыстыру) түріндегі естің бұзы- луы. Постгипноздық А. – гипноздық сеанс жағдайында оқиғаларды еске түсіре алмауда көрінетін естің бұзы- луы. Ретроградтық А. – жарақат ал- дындағы (бірнеше сағат, бірнеше күн, ал кейде бірнеше жылдар бұрын бол- ған) оқиғаларды ұмыту түрінде көрі- ніс табатын естің бұзылуы. Мыс., атақ- ты жазушы Вальтер Скотт «Айвенго» атты романын науқастанып жүрген кезінде жазған. Роман басылып шы- ғады. Ауруынан айыққан соң В.Скотт өз романының қай кезде жазылғанын еске түсіре алмапты. А. нақты психо- логиялық немесе клиникалық әдіс- тердің көмегімен анықталады. Бірақ өшкен, ұмытылған байланыстар бір кезде жаңғырып, еске түсуі мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *