АЛЬТРУИЗМ

АЛЬТРУИЗМ – негізгі орталық мотив немесе адамгершіліктік бағалау- дың белгісі басқа адамның немесе әлеу- меттік қауымның мүддесі болып та- былатын тұлғаның құндылықтық бағ- дарлар жүйесі. Басқалардың мүдде- лерін ескеріп отыратын мінез-құлық, әдетте ол эгоизмге, өзімшілдікке және даралыққа кереғар мінез ретінде қа- растырылады. А. термині француз философы О.Контпен эгоизм ұғымы- на қарама-қарсы ұғым ретінде енгі- зілді. А. негізгі идеясы – басқа адам- дардың мүддесі, игілігі үшін атқа- рылатын прагматикалық мақсатқа бағытталмаған іс-әрекет. А. адамның саналанған құндылығына айналып, оның бүкіл мінез-құлқын анықтайды. Сонда ол тұлғаның өмірлік мағынасы- на айналады. А. – абсолютизациялау да оны мүлдем бағаламау сияқты те- ріс ұстаным. А. адамдардың күнделік- ті өміріндегі, қарым-қатынасы мен іс- әрекетінде адамгершілікті, гуманизмді іске асырудан тұратын әлеуметтік- психологиялық феномен де болып та- былады. А. іске асырудың механизмі болып (мысалы, өз өмірімен жан ке- шумен баланы құтқару) нақты қауіпті жағдайларда жанданатын жағдаяттық альтруистік бағдар табылуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *