АЛТЫНСАРИН ЫБЫРАЙ

АЛТЫНСАРИН ЫБЫРАЙ (1841-1889) – педагог, ағартушы. Ы.Алтын- сарин арнаулы психологиялық еңбек- тер жазып қалдырмаған, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармалары- нан (оқу құралдары, хаттары мен жаз- балары, т.б.) қоғамдық және педаго- гикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практикалык істері- нен туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесі- нің психологиялық, педагогикалық не- гіздері, мұғалім-ұстаз проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, т.б. жатқызуға болады.

Ы.Алтынсарин өз «Хрестоматиясын- да» жас өспірімдердің жан дүниесін, ақыл-ойын қалыптастыруға ұдайы көңіл бөлу мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті деп есептеді. Көшпелі қазақ баласының айналасын дұрыс қабылдай алуы, осыған орай оның байқағыштық қасиеттерін арттыру, жетілдіру мақсатын көздеп, «Хресто- матияға» үнді ертегісінен мынадай бір тамаша үзінді берген: «Біреу ағаш- қа іліп қойған етін ұрлатып алып, ай- наласына жар салады. «Аласа бой- лы, қолында қысқа мылтығы бар, со- ңында тарақ құйрық кішкентай иті бар, бір қарт адам көрдіңіз бе?» деп. Бұл кісіні әркім көрген екен, сілтеумен барып тауып, ұрысын ұстапты-мыс. Ауылдас адамдары үндіден «ұрының түсі-түгін қайдан білдіңіз?» – деп сұ- рапты. Сонда үнді айтыпты дейді: – Ұрының, аласа бойлы екенін білгенім, менің қолыммен ілген етімді, ол ағаш- тың астына тас қойып, соның үсті- не шығып алыпты. Қарт екенін біл- генім, жүргендегі ізінен байқадым – адымының арасы тым жақын екен. Мылтығының қысқа екенін: етімді ұрларда, мылтығын ағашқа сүйеп қойған екен, сонда мылтықтың аузы ағаштың кішкене қабығын жырып кетіпті, жер мен сол жырылған қабық- тың арасынан шамаладым. Ұрының қасында иті бар екенін және ол иттің әрі кішкентай, құйрығы тарақ құйрық екенін білгенім етімді ұрлап жатқан- да, ит анадай бір құмайттырақ жерде отырған екен, соның құмға түсіп қал- ған ізінен және бұлғаңдатқан құйры- ғының табынан байқадым депті – міс». Ы.Алтынсарин осы үзіндіде байқағыш болудың адам өмірінде, оның дүние тануында қаншама маңыз алатынын, тіпті мұндай қасиет білімі жоқ, бірақ өмір тәжірибесі мол адамдардың ба- сында да біртіндеп қалыптасатынын сөз етеді де, шәкірттерді, өмірді жан- жақты зерттеп білуге, түймедейден түйедейді таба білетін ізденімпаз, зер- делі болуға меңзейді.Психология ғылымы – адам өмірінде әр түрлі әдеттің алатын орны ерекше екендігін, істеген істің жүріс-тұрыс- тың, демалыстың, яғни өмірдің сан алуан саласының қай-қайсысы да бір- тіндеп ұнамды, не ұнамсыз әдетке ай- налып отыратындығын, бірақ әдеттің де әдеті бар, яғни адамда жарамды жақсы әдеттермен қатар жарамсыз, жаман әдеттер де болатындығын ескер- теді. Мәселен, салақтық – жаман әдет, одан тәнге де, жанға да пайда жоқ. Осы орайда Ы.Алтынсариннің «Салақтық» атты әңгімесі жарамсыз әдеттің адам- ға зиянды екендігін жақсы көрсетеді. Кәрім деген жас жігіт жұмысқа ыж- дағатты болғанмен жуынып, таза жү- руді білмейді. Ақыры сол тазалыққа бейғамдығының кесірінен ауырып, қайтыс болады.

Бала жанының зергері Ы.Алтынсарин әңгімелерінің бәрі-бәрі де балалардың жас ерекшеліктеріне орай, тілі жеңіл, мазмұны тартымды, олардың жан- дүниесіне әсер етерліктей етіп ірік- телініп алынған. Осы әңгімелерде мұ- ғалімдер мен ата-аналардың балалар- ды әр түрлі ізгі қасиеттерге тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Ы.Алтынсарин көтерген психоло- гиялық мәнді мәселелердің енді бір тобы оның әдістемелік пікірлерімен астарласып жатады. Ыбырай жақсы тәрбиеші ғана емес, ол сонымен бірге тәжірибелі, ой-пікірі озық мұғалім де еді. Ы.Алтынсариннің «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құра- лында» көптеген қызғылықты пси- хологиялық пікірлер бар. Осы айтыл- ғанға орай ол бірде былай деп жазды:

«Әуелі оларға зат есімге ғана жататын зат аттарын үйретемін, содан кейін заттың сынын көрсететін сын  есімді үйретемін. Осылардан кейін зат есімді олардың сынымен қосып «ақ адам» деген сияқты сөйлемдерді құрып үй- ретемін». Екінші бір жерде ол: «Қа- зақ балаларына орысша кітаптарды оқытуға, оқығандарын түсіндіріп оты- руға кіріспей тұрып олардың жеке сөздерді болсын және негізгі грамма- тикалық ережелерді болсын түсіну үшін бірқатар жүйелі әзірліктен өт- кізу керек болды. Мұндай алдын ала әзірлік жасалмаса, оқушылардың тү- сінігі тым шалағай болып шығады… ешбір грамматикалық ереже жайын- да белгілі бір түсінік алуға оқушы- лардың шамасы келмей қалады, көпке дейін «она» деген  сөздің  «он»  деп,

«иду» деген сөздің орнына «шел» деп, тағы солар сияқты қателер жасап жүретін болады».

Ғұлама педагогтың осы ойларында қаншама тамаша психологиялық тү- йіндер жатыр. Ол шәкірттердің білім- ді жай жаттап алып, үстірт меңгер- мей миға тоқып, санасынан өткізіп, әрбір сөздің мәніне терең бойлап тү- сінуін талап етті. Ол мұғалімдерге барлық пәнді осылайша жүргізудің қажеттігін, яғни К.Д.Ушинскийдің тілімен айтқанда оқу жүйесіне барлық сезім мүшелерін (көз, құлақ, иіс, т.б.) қатыстырып, оқушылардың қызығу белсенділігін арттыра берудің ерекше маңыз алатындығын ескертті. Ол сон- дай-ақ қазақ балаларының өзіндік кейбір ұлттық ерекшеліктерін көрсе- те келіп, осы жәйтті де оқыту – тәрбие ісінде мұғалімдердің үнемі ескеріп отыруын қажет деп санады. Мәселен, оның өзі қазақ балалары үшін «Хрес- томатия» құрастырғанда осы жағдай- ды қатты ескергені байқалады. «Қатаң тұрмыста өскен қазақтарға, – деп жазды ол, – мәндірек әңгімелер ке- рек болады. Мысалдарды қазақ бала- ларының оқығысы келмейтінін, оқы- са күлетінін, ал олардың ата-анала- ры: балаларымызға сауысқан мен қар- ға сөйлеседі деген сияқты жоқ нәр- сені үйретеді деп, тіпті ренжитінін тәжірибемнен білемін. Қазақ бала- ларына, меніңше, мағыналы анек- доттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер немесе оларды қызықты- ратын, мысалы жібек құртының көбе- лектерінің өзгерулері, құндыздың өзіне үй салып алатыны сияқты әңгі- мелер тәуірірек болады».

Алтынсариннің қазақ балаларына орыс тілін үйрету жөнінде айтқан пі- кірлерінің қазіргі күн талабымен ұш- тасып жатқан жерлерін ерекше атап өткен абзал. Мәселен, ол шәкірттердің алдымен орысша ауыз екі сөйлесуін дамытуды ойластырып, бұл үшін арнаулы дайындық сабақтарын өткі- зу қажет дейді. Оның осы пікірлерін- де де қазақ балаларының психология- лық ерекшеліктерімен санаспайын- ша, яғни екінші тілді үйрету үшін оларға арнаулы жағдай жасамайын- ша оқыту ісі қиынға соғады деген тама- ша идея жатыр. Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқытуда соңғы жылдарға дейін Ы.Алтынсарин ұсынған осы ұсыныстар ескерілмей келгені бізді қынжылтады.

Ы.Алтынсариннің тәрбиеші ұстаз, мұғалімдік өнер жөніндегі айтқанда- рында психологиялық түйіндер аз емес. Ол оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім рөліне айрықша маңыз береді, мектеп ісінің сан-саласындағы жетістіктерді мұғалімнің білімі мен іскерлігіне, беделі мен өз жұмысын жан-тәнімен сүйе білуіне байланысты деп түсінді.

«…Қазақ мектептерінің бар  келешегі

– деп жазды ол,- көбінесе істің қазіргі басталуына байланысты, сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дү- ниедегі заттың бәрінен де қымбат кө- ремін». Ол, әсіресе, Торғай облысында өзі инспектор болған жылдарында (1879-1889) мұғалім проблемасына, оның жеке тәлімгерлік қасиеттеріне ерекше көңіл бөлген еді. Ы.Алтынсарин мұғалімдердің оқыту тәсілдерін үне- мі жетілдіріп отыруын, олардың «пе- дагогикалық және оқытушылық» тә- сілдерді меңгеру қажеттігін баса айт- ты. Ол мұғалімдердің алдына мынадай міндеттер қойды: нағыз мұғалім бо- лу үшін шәкірттердің, өзіндік ерекше- ліктерімен мықты санасу қажет, ол үшін педагогикалық әдебиеттерді үне- мі оқып, қадағалап отырмаса болмай- ды. Мұғалімге аса сезімтал, бала жа- нын жазбай танитын адам болу қажет екенін айта келіп, ол оқу-тәрбие сала- сында ізденбейтін мұғалімдерге қат- ты ренжиді. «Мұндайлар, – деп жаз- ды ол, – оқушыларды адастырады, сонан кейін қойылған сұраққа оқушы- лардың жауап бере білмегеніне ренжіп, өздері де ашулана бастайды, тіпті оқушыларға өшігуге дейін барады. Содан кейін оқушыларды бұрынғыдан да адастырады, мүлде шатастырып, оларды тіпті ешбір жауап бере алмай- тын халге жеткізеді» дей келіп, сабақ беру методикасы төмен мұғалімдерді ол «баламен түсінісе алуға шорқақ, да- рыны жоқ адам» деп сипаттайды. «Оқы- тушыларды бағалағанда, – деп жазды Ы.Алтынсарин, – олардың іске қаты- сы жоқ сөздеріне қарап емес, олар- дың егістерінің бетіне шыққан жеміс- теріне, яғни оқушыларына қарай ба- ғалау қажет».Тәлім-тәрбие, оқыту ісінің нәтижесі шәкірттерден гөрі мұғалімдерге көбі- рек тәуелді. Кінәның ең үлкені – ба- ла жанының нәзік қылдарын дұрыс сезе алмайтындарында. «Оқушылар- дың түсінбеушілігін оқытушылардың өз кінәсы деп білмей, оқушылардың зер салмайтындығынан немесе топас- тығынан» деп білетін оқытушылар- дың қатты адасатыны айтпай-ақ тү- сінікті, – дей келіп, ұлы ағартушы мұ- ғалімнің жадына мына жәйтті мықтап шегелейді! – «Ол кіммен істес болып отырғанын, еш уақытта да ұмытпауы керек… егер балалар бірдемені түсін- бейтін болса, онда оқытушы оларды кінәламауға тиіс. Ол балалармен сөй- лескенде ашуланбай, жұмсақ сөйле- уі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәр- сені де ықыласпен түсінікті етіп түсін- діруі керек, екі ұшты астарлы сөз, орын- сыз терминдерді қолданбау керек». Алтынсариннің тәрбиеші ұстаздың жеке басы туралы айтқан пікірлері- нің негізгі арқауы – тәлімгерлік жұ- мыс – өте нәзік, қасиетті іс. Ол ұстаз- дан өте сезімталдықты, балаға деген сүйіспеншілікті, оның жанын жазбай тануды қажет етеді. Шәкірттерді сүйе білген оқытушы ғана қатаң талапты, әрі өнегелі, беделді тәрбиеші бола алады. Оның қазақ елінің жағдайында айтқан осындай тамаша ой-пікірлері- не ерекше сүйсінесің. Профессор Т.Тә- жібаевтің Алтынсаринді «Қазақстан- дағы педагогикалық ойдың пионері» деген бағасының тайға таңба бас- қандай, әділ баға екендігіне еш шүбә келтірмейсің. Өйткені басқа пікірлерін былай қойғанның өзінде ардагер пе- дагогымыздың мұғалім жөнінде айтқан осы пікірлерінің өзі-ақ оны осылай деп атауға толық болатындығын айттырмай дәлелдейді.

Ыбырай Алтынсарин өз халқының жарқын келешегі үшін бар саналы өмі- рін сарп еткен, халыққа қызмет етуден артық іс жоқ деп түйген, туған халқын, ел-жұртын шексіз сүйген, нағыз отан- шыл азамат еді. Сондықтан да оның көптеген шығармаларында қазақ хал- қының өзіндік психологиялық қасиет- тері, салт-санасы, әдет-ғұрпы жайлы айтқандары ерекше назар аудартады. Алтынсарин қазақ халқының аса мал- сақ, сонымен бірге мал бағу өнеріне аса жетік халық екенін айта келіп, оның ақыл-ой парасаты да жоғары, және ежелгі мәдениеті бар ел екенін талай рет атап өтеді: «Қазақтарға,- деп жазды ол,- осы дарынды, ақыл-есі мол халыққа қазір кешікпей тұрып рухани және қоғамдық даму жолына түсетін бағыт беру, қалай дегенмен аса қажет болып отыр».

Ыбырай қалың бұқараны, қазақ ең- бекшілерін зор қадір тұтып, сыйлау- шы еді. Ол осы бір қарапайым жан- дардың еңбек сүйгіштігін, адалдығы мен шыншылдығын, жинақылығы мен ақ ниеттілігін ерекше риза көңілмен, үлкен мақтаныш сезіммен: «Осы қа- рапайым, ақкөңіл, ал кейде тіпті қы- зықты адамдармен әңгімелесіп, көңіл- ді көтересің», – деп жазды. Сол кездің өзінде-ақ Ыбырай халқымыз туралы бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі көз- қарастың бар екендігін жақсы тү- сінді. Ол кейбір менменсіген орыс миссионерлерінің қазақ халқын кем тұтып, оған тілін тигізіп: «қазақ тен- тек, қазақ қанішер халық» деген па- сық ниетті оңбаған пиғылдарына бар ашу-ызасымен аяусыз соққы беріп, өз халқының ғасырлар бойы жи- нақталған мәдени мұрасын, тамаша психологиясын мақтаныш етті. «Біз- ді, – деп жазды ол, – өзгелер табиғаты- нан ақылды, іскер халық деп ойлай- ды. Осының шындығын іс жүзінде көрсетуіміз керек… Қазақ – табиғаты- нан ақынжанды, дарынды халық», – деп жазды Ы.Алтынсарин «Орынбор листогы» газетіне жазған бір мақа- ласында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *