АЛКОГОЛИЗМ – алкоголь ішім- діктерін мөлшерден көп жүйелі түр- де пайдалану. А. келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: 1) тұрмыстық мас- тық – жағдаяттық себептермен үйре- ну белгісі тумаған алкогольді пайда- лану; 2) (хронически) созылмалы ал- коголизм; 3) алкогольді психоздар. А. жүйелі пайдалану кезінде адамда суи- цидтік әрекеттермен алкогольді деп- рессия пайда болуы мүмкін. Кейінгі кезде бұл симптомның «жасаруы» белең алуда, яғни оның белгілерінің жасөспірімдік-балаң жаста пайда болу тенденциясы байқалуда. Медици- нада А. екі түрін бөліп көрсетуге бола- ды: 1) екінші ретті (симптоматика- лық) А. – алкоголизмнің басқа психи- калық аурудың – мысалы, шизофре- нияның – негізінде пайда болуы. 2) хро- никалық А. Оның белгілеріне жата- тындар: – ішімдіктің мөлшерін қада- ғаламау; – спирттік ішімдіктің доза- сын арттыру арқылы оны үзбей пай- далану; – алкогольдің жоғары доза- сын ішкенде құсу рефлексінің жойы- луы, алкоголь туралы ылғи ойлау; – өзінен-өзі жалғыз ішу; – мастықтың суретінің өзгеруі: қозу стадиясының ұзаруы, босаңсу, мастықтың соңында ұзақ ұйқыға кету.