АЛДАНУ

АЛДАНУ – түрлі себептерге байла- нысты шындық құбылыстарды бұр- малап, теріс қабылдау себептері ғы- лымда әлі толық анықталмаған. А-дың пайда болуына көру талдағыштары- ның ерекшеліктері, қабылдау жағда- йының өзгеруі, көру мүшесінің түр- лі кемістіктері т.б. әсер ететін болуы керек. Көру қабылдауында «Оптика- лық-геометриялық алдану» (екі өл- шемді контурлық кескін фрагментте- рі арасындағы метрлік арақатынас- тардың бұрмалануы); «Жарық кон- трастары қарама-қарсылық феноме- ні» (сұр жолақ қара фонға қарағанда ашық фонда күңгірт сияқты көрінеді). Қимыл-қозғалыста да алданулар көп кездеседі. Олар: а) автокинетикалық қозғалыс (толық қараңғыда байқала- тын, объективті түрде қозғалмайтын жарық көзінің ретсіз орын ауысты- руы); ә) стробоскопиялық қозғалыс (қозғалмайтын екі тітіркендіргішті бірінен соң бірін іле-шала көрсеткен- де қозғалыс туғандай әсер болуы); б) индукциялық қозғалыс (қоршаған фонға қарай қозғалмайтын объекттің қозғалысы сияқты көрінуі). Грузин психологтары (Д.Н.Узнадзе және оның шәкірттері) арнайы бағдар алдану- ларын (нұсқалық иллюзиялар) зерт- теген. Шарпантье алдануының сал- мақтылығы бірдей, бірақ көлемі әр- түрлі екі нәрсенің кішірегі ауыр сияқ- ты көрінеді. Неміс ғалымы Г.Гельм- гольцтің айтуынша, алдану эффектісі қабылдаудың тұрақтылығын қамта- масыз ететін механизмдердің әдеттегіден тыс жағдайдағы қызметі. Көпте- ген зерттеулер алданудың оптикалық және физиологиялық себептерін (де- терминант) анықтауға арналған. А-дың сырын дұрыс түсінудің тәжірибелік мәні зор. Мәселен, иллюзиялар архи- тектура мен бейнелеу өнерінде, поли- графиялық әшекейлеулерде, театр сахналарын безендіруде жан жүйесіне қолайлы әсер («психологиялық ком- форт») ету үшін қолданылады.

А. деп түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды атайды. А. сан алуан се- бептерге байланысты пайда болады. Мыс., шай құйылған стаканға салын- ған қасықтың «сынған» ұқсап тұруы физика заңдылықтарымен түсіндіріл- се, кейбір нәрсе жөніндегі жаңсақ пікірлер адамның әртүрлі ерекшелік- теріне байланысты. Көзге қозу үрдісі- нің жайылуы, көздің затқа бейімде- луі, қозғалысы, қабылданатын затқа көздің төселмеуі т.б. 1. болмас іс, сағым;

  1. бұлдыр, қиял. Қабылдаудың, қиял- дың және естің феномендері. Адам- ның миындағы, шынайы құбылысқа немесе объектіге сәйкес келе бермейді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *