АКСИОЛОГИЯ – тұлғаның, топтың, ұжымның, қоғамның материалдық, мәдени, рухани, адамгершіліктік және психологиялық құндылықтары жөніндегі ілім. Жалпы адамзаттың тіршілігі болмыстағы құндылықтар- ды орнықтырады, әрбір қоғамда құндылықтық-нормалар жүйесі қа- лыптасады. Қандай да бір құндылық- ты өлшеу мен бағалау уақыт өте келе өзгеріп отырады. А. тұлғаның, дүние- нің, әділдіктің өзіндік құндылығы жө- нінде тұжырым жасайды. Адаммен қабылданған құндылықтар оның өз субъективті құндылықтық бағдарла- рын құрайды. Құндылықтардың қа- рама-қайшылықсыздығы тұлғаның біртұтастығын сақтайды.