АКМЕОЛОГИЯ

АКМЕОЛОГИЯ – адамның кемел- дену кезеңінде, әсіресе оның осы жастың едәуір жоғары жетістіктеріне жету жағдайындағы даму феномено- логиясын, заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін жаратылыста- ну, қоғамдық және гуманитарлық пән- дердің түйісуіндегі ғылым саласы. А. ұғымын жетілген адамдардың дамуы жөніндегі ғылым ретінде ең алғаш 1928 жылы Н.А.Рыбников ғылыми айналымға енгізді. А. маңызды проб- лемалардың бірі – адамның кемел- денген жасында өзін-өзі жан-жақты көрсете білудің алғышарттарын жа- сайтын оның жас кезінде қалыптасуы қажет сипаттамаларды айқындау. Адамның 50 жастан кейін де тұлға- сының сақталып, шығармашылық қуа- тын арттыруда әртүрлі психофизио- логиялық жаттығуларды, аутогенді жаттығуларды, сондай-ақ түрлі ойын- дарды, ақыл-ой еңбегін, музыканы қол- данудың тиімділігін дәлелдейтін зерттеулер де бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *